Ең қиын 3 басқатырғыш

Интеллект — адамды жануар әлемінің басқа өкілдерінен ерекшелейтін ең негізгі қасиет.  Адам ақылын ғылым мен техникада және басқа да салалдарда алда болу үшін қолданады. Бірақ кейде «миыңды жұмыс істету» үшін ғана түрлі есептер мен логикалық жұмбақтарды шешуге де қолданады. Солардың біразын қарастырайық.

1. Әлемдегі ең қиын судоку

Дүниежүзіндегі сөзжұмбақтың танымал бір түрі сандар жазылатын жапон басқатырғышы судоку екенін естіген боларсыздар. Оны шешу жолдары қиын емес, сондықтан әуесқойлар өздері судоку құрастырып, ұсынады. 2012 жылы фин математигі Арто Инкала  «әлемдегі ең қиын судоку» құрастырдым деп жар салады.

«The Telegraph» британ газетінің айтуынша, егер көп таралған судоку нұсқаларын қиындық шкаласы бойынша белгілесек, ең оңайын «1» деп, ал қиындауларын  «5» деп бағаласақ, онда математик ұсынған нұсқаның қиындығы «11» деп айтуға болады. Осыдан судокудың қаншалықты қиын екенін өзіңіз бағалай беріңіз.

2. Ең қиын сум-до-ку

Судокудың тағы бір ерекше, бірақ өзгеше түрі сум-до-ку деп аталады. Судокудан айырмашылығы: қосымша сандар, яғни тор топтарының жинақ қосындысы берілген және топтағы сандар қайталанбауы керек. В популярном сервисе головоломок Calcudoku.org басқатырғыштардың танымал сайтында жарияланған есептердің қиындық рейтингін бақылауға болады. Соның бірін сіздерге де ұсынып отырмыз.

3. Ең қиын какуро

Какуро басқатырғышында судоку, логика, сөзжұмбақ және негізгі  математикалық операциялардың элементтері бар. Оның мақсаты торларды бірден тоғызға дейінгі сандармен толтыру, бірақ тігінен және көлденеңінен жазылған сандардың қосындысы берілген санмен сәйкес келуі керек, ал бір блоктың ішіндегі сандар қайталанбауы тиіс. Көлденең бағанның қосындысы сол жақта, тігінен берілген бағанның қосындысы жоғарыда жазылады.

Мына мысал какуроның ең қиын нұсқасы Conceptispuzzles.com сайтынан алынған.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова
629
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *