Жарты сағатта көңіл-күйді жақсартудың 15 әдісі

Мұны бір рет жасасаңыз, сіз өзіңізді қуантасыз. Ал үнемі қайталап жүрсеңіз,  өміріңізді де өзгертуге болады.

1. Созылу жаттығулары

Көпшілігіміз көп қимылдамай, көбінесе орындықта, креслода, диванда отырып өміріміздің көп бөлігін өткізіп жатқанымызды да байқамай қаламыз.  Тіпті денсаулығымызға қандай  зиян келтіріп жатқанымызды да ескермейміз. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы бір қалыпта отыру өте  жағымсыз әсер береді. Сондықтан орныңыздан тұрыңыз, қолыңызды жоғары көтеріңіз, созылыңыз. Қозғалысты терең тыныс алумен біріктіруді ұмытпаңыз. Осылай  20-30 минуттық жаттығулар жиынтығын орындасаңыз, сіз физикалық және психикалық тұрғыдан өзіңізді жақсы сезінесіз. Ал тұрақты түрде жаттығуды бастасаңыз, денсаулығыңыз да жақсаратыны, көңіл-күйіңіздің де өзгеретіні сөзсіз.

2. Досыңызға қоңырау шалыңыз

Көбінесе жалғыздықтан қайғы, көңілсіз болу, уайымдау  және басқа да жағымсыз эмоциялар пайда болады. Досыңызбен сөйлессеңіз сіз өзіңізді еркін, жайбырақат сезінесіз, сіз үшін маңызды адамдар бар екенін еске түсіресіз. Ал егер сіз кездесу ұйымдастырсаңыз (тіпті ол виртуалды болса да), қуануға қосымша себеп болады.

3. Табиғат аясына шығыңыз

Аздап жүру немесе күн астында отыру да жеткілікті, сонда сіз өзіңізді бұрынғымен салыстырғанда жақсырақ сезінесіз. Д витамині және таза ауада тыныс алу арқылы алынатын эндорфиндер физикалық жағдайыңызға да, көңіл-күйіңізге де әсер етеді.

4. Біреуге көмектесу

Сіз үшін маңызды жобада ерікті болыңыз, қарт көршіңізге азық-түлік әкеліңіз немесе қажетсіз заттарды қайырымдылық қорына  беріңіз. Бір нәрсені риясыз жасау арқылы сіз өзіңізді бақытты сезінесіз және айналаңыздағы әлемді сәл болса да жақсырақ етесіз.

5. Спортпен шұғылданыңыз

Әрине, бұл денсаулыққа пайдалы екені сөзсіз. Сонымен қатар, жаттығу кезінде бөлінетін эндорфиндер сізге күш, қуат береді. Спортпен сағаттап жаттығудың қажеті жоқ, 30 немесе тіпті 15 минуттан кейін де сіз өзіңізді жақсы сезініп, дене бітіміңізді жақсартасыз және көп нәрсені істеуге шабыт аласыз.

6. «Мақсат табу» жаттығуын орындаңыз

Бір парақ қағаз алып, екі перпендикуляр сызық сызыңыз.

Бірінші ұяшыққа бес жылдан кейін қайда болғыңыз келетінін жазыңыз.

Екіншісіне «бұған қол жеткізу үшін сізде  не болуы керек?» деген сұраққа жауап жазыңыз. Бұл жазба сіздің бір жылдағы мақсаттарыңызға айналады.

Үшінші ұяшыққа ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға жақындау үшін не істеу керек екенін жазыңыз. Мақсаттарыңызды айға, тоқсанға бөліңіз. Тоқсан сайын қажетті нәтижеге жету үшін не істеу керек?

Бұл төрт шаршы сіз ұмтылатын нәрсені көруге және армандарыңызды жүзеге асыру жоспарын жасауға көмектеседі. Өміріңізді шынымен өзгерту үшін оны орындаңыз.

7. Өзіңізге ұнайтын нәрсені жазыңыз.

Өзіңізге деген сенімділікті арттыру үшін өзіңізге қандай қасиеттер мен дағдылар ұнайтыны туралы ойланыңыз. Олардың бірнешеуін қағазға жазып, үйде көрінетін жерлерге жапсырыңыз. Көздеріңіз оларға түсе салысымен, сізде жақсы көңіл-күй мен сенім пайда болады. Әсер жоғала бастағанда, оларды басқа жазбалармен  ауыстырыңыз.

8. Күнделік жүргізіңіз

Күнделік жазу басыңыздағы жиналған барлық ойларды тастауға көмектеседі. Ал кейде маңызды нәрсені түсінуге мүмкіндік береді, күнделікті әбігерде сіз байқамаған нәрселерге назарыңызды аударады. Бұл үшін күніне 5-10 минут уақытыңызды бөліп, өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді жазып алыңыз және айқындық сезіміне рақаттаныңыз. Күнделікті үнемі жүргізу сізге сабырлы болуға және эмоционалды жарақатпен күресуге көмектеседі.

9. Өмірде қол жеткізгіңіз келетін нәрселердің тізімін жасаңыз

Ойыңызға келгеннің бәрін жазыңыз — үлкен армандар мен кішкентайларын да. Тізімде басқа адамдардың үміттері емес, сіз үшін маңызды нәрселер ғана қамтылғанына көз жеткізіңіз. Аяқтаған соң, осы тізімнен болашағыңыздың картасын және мотивация аласыз.

10. Үй жинаңыз

Көңіл тазалығы айналадағы тазалықтан басталады. Шаң сүртіңіз, қажетсіз нәрселерден құтылыңыз, заттарды орнына қойыңыз, сонда сіз жеңілдейсіз. Барлығын бірден жасауға тырыспаңыз , бір бұрышты ретке келтіруге күніне жарты сағат бөліңіз. Тазалауды жұмыс кеңістігіңізден бастаңыз. Тәртіпсіздік стресс тудыратыны дәлелденген, ал  жұмыста онсыз да стресс көп қой.

11. Өткен күн туралы ойлаңыз

Мысалы, кешке ұйықтар алдында немесе жұмыстан қайтқанда. Сізге не ұнағанын, не үйренгеніңізді, күнді жақсырақ ету үшін не істеуге болатынын есте сақтаңыз. Егер бар болса, алға жылжудыі атап өтіңіз және жағымсыз ойлардан арылыңыз. Ең бастысы, мынаны есте сақтаңыз: ертең сіз нөлден бастай аласыз. Бұл жаттығуды күнделікпен біріктірсеңіз, жақсы болар еді.

12. Өзіңізге массаж жасаңыз

Бұл әрекет шаршаған немесе күйзеліске түскен кезде демалуға көмектеседі. Қолыңызға біраз эфир майын (мысалы, эвкалипт немесе жалбыз) жағыңыз және массаж жасаңыз, оған қоса майдың жағымды иісі сізді тыныштандырады.

13. Ертерек  ұйықтаңыз

Ұйқы – өте маңызды. Ұйқыныңәрбір қосымша минуты пайдалы болады, әсіресе егер сіз әдетте жеткілікті ұйықтамай жүрсеңіз. Бір немесе екі сағат ертелеу ұйқыға қиындау, сондықтан 30 минуттан бастаңыз. Ұйқы кезінде ми мен дене қалпына келеді.

14. Жарты сағатқа ерте тұрыңыз

Таңертеңгі уақытты қалай өткізгеніңіз күннің қалған бөлігіне әсер етеді. Күніңізді тыныш және нәтижелі өткізгіңіз келсе, ерте тұрып, сізге рахат әкелетін іспен айналысыңыз. Мысалы, медитация жасаңыз, жаттығу жасаңыз, йогамен айналысыңыз, қызықты кітап оқыңыз, сурет салыңыз, серуендеңіз, балаңызбен ойнаңыз. Бұл сізді күні бойы шабыттандыратыны сөзсіз.

15. Отбасыңызға және достарыңызға рақмет айтыңыз

Мысалы, көрсетілген қызмет, сыйлық, бірге өткізген жағымды кеш немесе жай ғана сіздің өміріңізде болғаны үшін рақмет айтыңыз. Сен де риза боласың, олар да риза болады. Күн сайын біреуге алғыс айтуға тырысыңыз, айналаңыздағы жақсы нәрселерді байқай бастайсыз және адамдармен қарым-қатынасыңыз нығая түседі.

962
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *