Жас ғалымдар мен мамандарға, журналистерге, саяси қайраткерлерге арналған стипендиялар

Гарвард университетінің Девис атындағы ресей және евразиялық зерттеулер орталығы (Davis Center for Russian and Eurasian Studies) жас ғалымдар мен мамандарға, журналистерге, саяси қайраткерлерге арналған стипендиялар тағайындайды. Зерттеулер евразиялық мемлекеттердегі саяси, әлеуметтік және қоғамдық процесстерге байланысты жүргізілуі тиіс.

2014-2015 жылдың тақырыбы — Мәдени кеңістікті құрастыру.

Бағдарламаның ұзақтығы — бір семестрден басталып бір оқу жылына дейін.

Үміткерлер стипендия алады, сонымен бірге жұмыс орны мен Гарвард кітапханасын қолдану мүмкіндігі де беріледі.

Үш стипендия бөлінеді: Жас ғалымдарға арналған $ 38 500 шамасында; ғалымдарға $ 26 500; аймақтардан келген ғалымдарға $ 46 500.

Құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 7 қаңтарына дейін жүргізіледі.

Дереккөзі: theoryandpractice.ru

370
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *