Жаңа шынайылық: пандемиядан өткен жұмысшылардың 4 түрі

Бүгінгі күнде жұмыс берушілердің жағдайы қиын – олар болашаққа бағытталған жаңа еңбек мәдениетін қалыптастыруда.

Пандемия басталғаннан кейін бір жыл өткен соң көпшілігіміз жаңа жағдайларға үйреніп қалдық. Вакциналар қалыпты өмірді қайтаруға уәде еткенімен, барлық жұмысшылар өткенге оралғысы келмейді. Бүгінгі күні жұмыс берушілер болашақтың жұмысын қалыптастыратын кезде бірегей қиындыққа тап болуда, — дейді Мэри Билбрей, JLL компаниясының қызметкерлерді жұмысқа қабылдау глобал директоры.

«Пандемия кезінде компаниялар қызметкерлердің әл-ауқатына назар аударды және таланттарға арналған бағдарламалар мен ресурстарды жасады», — дейді ол. «Біз шынайы түрде қасында бола алмайтын кезде қызметкерлерді қалай жұмысқа алу керектігін қайта ойластыруға тура келді. Енді біз топтық жұмысқа орала бастаған кезде, нақты жұмыс кеңістігіне деген белгілі бір икемділікті көрсетуіміз керек. Кеңсе ортасы бірегей, гибридті жұмыс топтарының өзара әрекеттесуі үшін қолайлы болуы керек».

Менеджерлердің жаңа ұсыныстары пандемиядан өткен жұмысшылардың пікірін ескеруі керек. Билбри болашақта жұмысты ұйымдастырудың шарттарын белгілей алатын қызметкерлердің төрт тобын анықтайды.

1. Дәстүрлі кеңсе қызметкері

Бұл адам кеңсеге оралуға дайын. Ол пандемияға дейін үйден жұмыс істемеген болуы керек және болашақта уақытының көп бөлігін кеңседе өткізетін шығар.

«Олар басқа қызметкерлер сияқты жұмыс кестесінің икемділігі мен ауысуына қызығушылық танытпайды», — дейді Биллри. «Компаниялар үшін мәселе дәстүрлі кеңсе қызметкерінің басқа топтарды басқаруында. Бұл адам өз тобының мүшелері басқаша ойлайтынын түсіну үшін қосымша күш салуы керек».

2. Жаңа әсерге құмар

Пандемияға дейін де мұндай қызметкер икемділікке ұмтылған. Бұл адам жұмыс тобын бағаласа да, кеңседен тыс өткізген уақыт жұмыс істеу, жұмысқа қанағаттану сезімін арттырып, мүмкіндіктерді көбейтеді деп санайды.

«Мұндай қызметкер алыстан жұмыс істей отырып, кеңседе тек 2-3 күн өткізгісі келетін болады»,-дейді Биллри.  Көшбасшылардың міндеті — топтың басқа мүшелеріне кедергі келтірмейтіндей, кейде үйден жұмыс істейтіндерді қалай басқару керектігін түсіну. Сіз бәрін жақсы ұйымдастырып, басқа топ мүшелерімен жұмыс істеу күндерін жоспарлауыңыз керек».

3. Салауатты өмір салтын ұстанушылар

Салауатты өмір салтын жақтаушылар денсаулықпен қоса жұмыс пен жеке уақыттың арасындағы тепе-теңдігін жоғары бағалайды. Пандемияға дейін қызметкерлердің бұл түрі қашықтан жұмыс істеуді және кеңсеге барып қайтуға көп уақыт жұмсамауды жөн көрді, бұл жеке және кәсіби басымдықтар арасындағы жақсы тепе -теңдікті қамтамасыз етті. Жаңа әсер іздеген қызметкер кеңседе көп күн өткізгенді қаласа, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар жұмысты көбірек үйден істегісі келеді.

«Бұл қызметкер кеңсеге аптасына бір немесе екі күн ғана келгісі келеді», — дейді Биллри. Оларға жақсы тепе-теңдік қалыптастыратын компания қажет. Цифрлық және технологиялық салаларда салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар көп кездеседі».

4. Рухы еркін адамдар

Бұл қызметкер әрқашан қашықтан жұмыс істегісі келеді. Оның басты мақсаты –  отбасымен уақыт өткізу. «Олар арнайы кездесуге немесе іс -шараға келуі мүмкін, бірақ жалпы үйден жұмыс істегенді жөн көреді», — дейді Биллри. «Олар тығыз жұмыс кестесімен шектелгенді қаламайды. Іс жүзінде, олар кеңседен тыс өмір сүре алады. Менеджерлердің  міндет –  бұл қызметкерлерге өздерін тұтас коллективтің бір бөлігі ретінде сезінуін қамтамасыз ету».

Қызметкерлердің типтерін қалай пайдалануға болады?

HR тұрғысынан қызметкерлердің жұмысқа тартылуы және байланысы маңызды, кеңседе жұмыс істеу мәдениетті қалпына келтіруге және ынтымақтастық пен инновацияны дамытуға көмектесетін еді, -дейді Билбри.

Қазіргі кезде ең алғашқы қадам – ​​жұмысты дұрыс жабдықпен қамтамасыз ету. Жаңа әсерді іздеуші, салауатты өмір салтын жақтаушы және рухы еркін адам кеңседегі әріптестерімен қарым-қатынас жасау немесе қашықтан жұмыс істеу үшін технологияларға сүйенеді. Бейнебайланыс және жобаларды басқару платформалары сияқты дұрыс құралдардың болуы гибридті жұмыс үрдістерін құрудың басты кілті болады.

Көшбасшылар сонымен қатар жеке топ мүшелерінің қалауын білуі керек және қажет нәрсені қамтамасыз ету арқылы оларды қолдай білуі керек. «Көшбасшыларға олардың қол астында қызметкерлердің қандай түрлері бар екенін түсіну үшін керекті құралдарды беріңіз», — деп ұсынады Билбри. Қызметкердің қажеттіліктеріне мұқият болыңыз. Қызметкердің істейтін жұмысына байланысты сіз де барынша икемді болуыңыз керек».

Егер жұмыс қызметкердің кеңсеге оралуын талап етпесе, оның үміттері  туралы мүмкіндігінше ертерек сөйлесуді бастаңыз.

«Егер сіз икемді жұмыс үрдісін ұсынбасаңыз, қызметкерлеріңізді жоғалтып алу қаупі бар — олар жақсы шарттар ұсынатын компанияларға кетіп қалады», — дейді Биллри.  Қызметкерлер өз құндылықтарын қолдайтын компаниялардың бір бөлігі болғысы келеді. Оларға өздерінің әл-ауқатына қамқорлық көрсететінін жұмыс беруші қажет».

Соңында, Билбри қызметкерлер қоятын сұрақтарға құлақ салыңыз деп кеңес береді. «Стратегияларды тұжырымдаңыз және осы стратегиялардың шеңберінде жұмыс кеңістігін қалай кеңейтуге болатынын ойлаңыз. Қызметкерлердің не қалайтынын білудің ең жақсы жолы — олардан сұрап алу».

Дайындаған Бақытжан Салихов

465
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *