«Заманауи ақпараттық технологиялар және АТ-білім» I ұлттық конференциясы

5 желтоқсанда Алматыда «Заманауи ақпараттық технологиялар және АТ-білім» I ұлттық конференциясы өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: ғылым, өндіріс, бизнестің талаптарына жауап беретін заманауи ұлттық АТ-білім беру жүйесін құру.

Конференцияның түйінді тақырыптары – ғылым, технология, экономика, ұлттық АТ-саланың жағдайын және даму беталыстарын талдау негізінде ұлттық АТ-білім беру жүйесін дамыту бағыттарын анықтау; Оңтүстік Корея, Малайзия, Ресей және Беларусьте АТ-кадрларды даярлаудың халықаралық тәжірибесі; жоо-лар мен колледждерде АТ-мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын қалыптастыру тәсілдері.
Сондай-ақ конференция аясында білім беру мекемелері мен АТ-компаниялардың тиімді өзара іс-қимылы бойынша бірқатар мәселелерді қозғау жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысатынын мамандар:

Владимир Сухомлин – М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, техникалық ғылымдар докторы (Ресей),

Нұрлан Исин – Қазақстандық АТ-компаниялар қауымдастығының президенті (Қазақстан),

Myeong Seunghwan – Inha университетінің мемлекеттік басқару департаментінің профессоры (Оңтүстік Корея),

Рослан Исмаил – UniKL университетінің АТ факультетінің деканы (Малайзия),

Александр Мартинкевич – «Жоғары технологиялар паркінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (Беларусь),

Эмин Хусейнов – стратегия және дамыту жөніндегі проректор, Әзірбайжан дипломатиялық академиясы (Әзірбайжан),

Гаянэ Вальчевская – ТМД елдеріндегі Cisco желілік академиялар бағдарламасының өңірлік менеджері (Беларусь),

Виталий Никуленко –R-Style директоры (Минск қ.), R-Style компаниялар тобы (Беларусь),

Татьяна Нанаева — ТМД елдеріндегі INTEL корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры (Украина),

Руслан Енсебаев – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Төрағасы.

Өткізу күні: 2013 жылғы 5 желтоқсан.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Алатау шипажайы.

Қатысу мәселелері жөнінде мына деректер бойынша хабарласуыңызға болады: 7(717)2 570-893, 8-701-591-61-61, lzhumanaliyeva@zerde.gov.kz

Дереккөзі: Зерде

265
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *