Құрметті достар!

Бастауыш мектеп бағдарламасын қамтитын iMektep интерактивті анимациялық сабақтар кешені туралы біраздан бері айтып жүрмін. Бүгіннен бастап әр пәннің тараулары мен тақырыптарына толығырақ тоқталуды жөн көріп отырмын.

Естеріңізде болар Бастауыш мектеп бағдарламасын қамтитын iMektep интерактивті анимациялық сабақтар кешені  1-4-cыныптарға арналған Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі, Математика, Дүниетану, Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу, Музыка және Өзін-өзі тану пәндерін қамтиды.

imektep1

Бүгін назарларыңызды Қазақ тілі пәні бойынша жасалған анимациялар мен ойындарға аударып отырмын. Қазақ тілі пәнінде «Дыбыс және әріп», «Сөз», «Сөйлем», «Сөз таптары», «Мәтін» тараулары бар. Мысалы, «Дыбыс және әріп» тарауында алты анимациялық сабақ пен жиырма төрт ойын  ұсынылған:

  1. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
  2. Дауыссыз дыбыстар
  3. Буын және тасымал
  4. У дыбысы
  5. Буын үндестігі
  6. Дыбыс үндестігі

Осы тақырыптарды көріңіздер, бекітетін ойын, тапсырмаларын орындап көріп пікірлеріңізбен бөлісіңіздер.

iMektep -тің ресурстары туралы пікірлеріңізді күтеміз, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз: qoldau@imektep.kz

PS: осы сайтта да пікірлеріңізді қалдырсаңыздар болады.

904
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *