Гонконгте үш күн жүріп, төртінші күн дегенде  қонақ үйден бір көше жоғары жүріп қарама-қарсы жаққа өтсеңіз саябақ бар екенін үйге қайтатын күні білген маған не дейсіздер 🙂 Бұл саябақ — Коулун саябағы.

Күнде картаға қарап осы саябаққа барайыншы деп ойлап қоятынмын, бірақ конференциядан қол тимей, әрі кешке тамақ ішуге барғанда оңға қарай бұрылып та жүрмеппіз ғой.

Дегенмен соңғы күні кешке таман болса да сол саябаққа жол түскеніне қуаныштымын. Саябақты жақсы ұйымдастырыпты, әсіресе саябақтың ішінде темекі шегуге болмайды деген жазулары көзге де, құлаққа да жағымды естілді.  «Бізде де солай болса екен» деп ойлап қойдым.

Сонымен Коулун саябағында ашық, жабық бассейн де, фламинголар да, гүлдер мен өсімдіктердің, ағаштардың түр-түрі де бар екен. Кең ашық алаңдарында кешкі тоғыз жарым болса да кем дегенде жиырма жасөспірімнен тұратын екі топ сап түзіп жүруге жаттығып жүрді. «Не істеп жүр?» — деп сұрасам, «Жай, жаттығып жүр» -, дейді.

Тағы бір жерінде үлкен кісілер түрлі құралдармен жаттығулар жасап жатты, коммикстерге қойылған ескерткіштердің жанында жүгіріп жүрген адамдарды да көрдім. Бұл саябақ демалу мен спортпен шұғылдануға ыңғайлы жасалғандай.  Тағы бір жерінде ағаштарды лабиринт сияқты жолдар салып өсірген екен. Арасында бір топ бала әрі-бері жол тауып жүгіріп жаттығып жүрді. Бұл идея маған қатты ұнады.

Саябақты айналып жүріп комикс кейіпкерлері бар аллеяға тап болғаныма риза болдым.

Комикс кейіпкерлері

Коулун саябағында комикс кейіпкерлеріне арналған аллея маған қатты ұнады. Негізі Гонконгта балалармен бірге жүріп демалатын, қыдыратын жерлер өте көп пе деп қалдым.

Сипаттауға сөзім жеттпейтін болар, сондықтан суреттерді тамашалаңыздар.

 

Келесі жолы «Ғылым мұражайы»  туралы  айтып  беремін.

PS: Қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің ескерткіштері қойылған саябақ қашан пайда болады екен?

 

396
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *