Креативті адамсыз ба? Тексеруге 7 сұрақ

«Креативті адамсыз ба?»: Тексеруге 7 сұрақ жеткілікті, жауап беріп,өзіңіз туралы біліңіз.

Жаңа тест шығармашыл адамның, жалпы ақыл-ойдың белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Оны өзіңізге қолданып көріңіз! Бірақ ескертеміз: нәтижесі сізге ұнамауы мүмкін.

Norwegian Business School BI зерттеуі жеке тұлғаның «креативтіліктігін» анық көрсететін қасиеттерді атап көрсетті. Бес жүз адам екі жүз сұраққа жауап берген зерттеуді профессор Ойвинд Мартинсен жүргізді. Экспериментке үш топ адам қатысты. Біреуі – «негізгі топ», оның құрамына мұғалімдер немесе менеджерлер сияқты мамандар кірді. Қалған екі топ жарнама саласында оқып жүрген студенттер мен әртістер  сияқты дәстүрлі шығармашыл деп саналатын адамдардан тұрды. Мартинсен «креативті» және «креативті емес» топтар арасында айтарлықтай айырмашылықтарды тапқанын айтады.

Шығармашыл адам, оның түсінігінде, жеті құрамдас бөліктен тұрады. Сондықтан, егер сіз жұмысыңызды тастап, шығармашылықпен айналысуды ойласаңыз, алдымен осы тізімді тексеріп алыңыз.

Егер мына қасиеттер бойыңызда болса, онда сіз шығармашыл адамсыз:

Сіздің санаңыз ассоциацияларды іздеуге бейім.

Бұл сіздің қиялыңыздың күшті екенін білдіреді. «Сіз арманнан шынайылыққа ауысып, қайта орала аласыз», — дейді Мартинсен. «Сіз ойнауға бейімсіз, өмірге эксперименталды көзқарасыңыз бар». Бірақ сіз жұмысқа да терең бойлай аласыз. Мысалы, сіз жұмысқа беріліп, түскі ас ішуді ұмытып кетуіңіз мүмкін. Бір қызығы, бұл көрсеткіш бойынша жарнама саласында оқитын студенттер әртістерге қарағанда жоғары болды. Бірақ бұл топтардың екеуі де негізгі топқа қарағанда артық нәтиже көрсетті.

Сіз ерекше болғанды қалайсыз.

Менеджерлер мен оқытушылар ережелер мен жүйелерге байланған екен. Бұл топтың мүшелерінде жарнама бағытында оқитын студенттер мен әртістерде болатын бүлікшіл рух жетпейді екен.

Мотивацияңыз жоғары.

Үш топтың барлығы да жалпы табысқа деген ынтасын көрсетті, бірақ әртістер мен жарнама студенттерінің күш-қуаты мен атаққұмарлығы біршама жоғары болды.

Сіздің өз амбицияларыңыз бар.

Жарнама бағытында оқитын студенттерге қарағанда әртістер танымал болу мен атақ-даңққа азырақ ұмтылатынын көрсетті. Мартинсен мұны әртістердің көбінесе интроверт болуымен, олардың эксгибиционизмге бейім еместігімен түсіндіреді. Мүмкін ол Леди Гага туралы естімеген шығар?

Сіз икемді адамсыз.

Жарнама саласында оқитын студенттер мен әртістер ретсіз өмір сүруге және астан-кестен жағдайда жұмыс істеуге көбірек бейімделген. Олар «стақан жартылай бос» жағдайын алып, оған ребрендинг жасап — стақанды “жартылай толық” деп айта алады.

Сіз эмоционалды тұрақсызсыз.

Креативті емес зерттеуге қатысушыларға қарағанда әртістер де, жарнама студенттері де невротиктер болып шықты. «Олар қоршаған әлемге өте сезімтал және алаңдаушылыққа бейім», — дейді Мартинсен. Олардың кейбіреулері тіпті мазасыздануды ұнатады», — деді ол.

Сіз беймаза адамсыз.

Маркетолог студенттер де, әртістер де адамдар арасындағы қарым-қатынаста бірдей деңгейде күйгелек және ашуланшақ адамдар екендігін дәлелдеді. Олар басқа адамдардың жағдайын ойламай, оларға сыни көзқараспен қарап, достық қарым-қатынас көрсетпеді. Мартинсен: «Шығармашыл адамдар жақсартуды қажет ететін затты табу үшін әлемнен алшақ болуы қажет», — дейді. «Бірақ бұл басқалармен қарым-қатынаста қиындықтарға әкелуі мүмкін». Әрине қиындықтар болады! Стив Джобс танымал өнімдерді ойлап тапты, бірақ онымен жұмыс істеу соншалықты қызық және жайлы болмады.

Креативті жаттықтыру

Мартинсеннің айтуынша, адам жеке тұлға ретінде толығымен 25-30 жаста қалыптасады. Ал егер сізде туғаннан шығармашылыққа бейімділік бар болса, осы жаста сіз мұны түсініп, кем дегенде мына жеті сипаттаманың бірнешеуін өз бойыңыздан таба аласыз. Егер сіз онша креативті болмасаңыз, бірақ шығармашылық адам болғыңыз келсе, үмітіңізді үзбеңіз. «Сіз айналаңыздағы әлемге қатысты жүріс-тұрысыңызды өзгерте аласыз», — дейді Мартинсен. Басқаша айтқанда, сіз шығармашыл адам болуға үйрене аласыз.

Сыртқы орта адамның шығармашылық қабілетіне өте күшті әсер етуі мүмкін. Мартинсеннің айтуынша, әдетте шығармашылықпен айналыспайтын адамды қоршаған орта ережелерді ұстанбауға итермелеп, ой еркіндігіне ынталандырса, олар әлдеқайда креативті бола алады. Бірақ есіңізде болсын: Мартинсен “жаратылысынан шығармашыл емес адам қызықсыз жұмыс ортасына қайта оралса, шығармашылыққа бейімділігін көрсетуін жалғастыра бере ме?” деген сұрақтың жауабын білмейді.

Түпнұсқа: www.fastcocreate.com/1682744/how-to-tell-if-youre-creative-hint-you-might-be-a-bit-of-a-jerk

887
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *