Күйзеліссіз өмір сүрудің 10 қарапайым әдісі

Көптеген адамдар үшін күйзеліс – денсаулыққа әсер ететін негізгі мәселенің бірі. Жұмыстағы, үйдегі күйзеліс, ұмытуға болмайтын және міндетті түрде төленуі тиіс есепшоттар, оған қоса әртүрлі зиянды әдеттер – осының бәрінің әсері бар. Сондықтан біз күйзелісті азайту үшін бірнеше кеңес беруді шештік. Әрине, біз олардың барлығының сізге көмектесетініне кепілдік бере алмаймыз, бірақ олардың пайдасы бар екені сөзсіз.

Көп тапсырманы бір уақытта орындаудан  аулақ болыңыз

Мүмкіндігінше бір нақты тапсырмаға назар аударыңыз. Бір уақытта бірнеше істі бірден шешуге тырыспаңыз. Басты жұмыстан алаңдататын барлық себептерді елемеуге тырысыңыз.

Күн кестесін жеңілдетіңіз

Жұмысқа толы күн кестесі адамдардың көпшілігінің есін шығарады. Кестеңізді алдын ала саналы түрде бағалап, негізгі кездесулерді (тапсырмаларды, істер мен жобаларды) бөліп көрсетіңіз және маңызды емес кездесулерден бас тартуды үйреніңіз. Бұл сіздің игілігіңіз жұмыс істейді.

Жақсы әдеттерді дамытыңыз (айына біреуін)

Тісбасарлардың орнына жеміс жеп, лимонадтың орнына су ішіңіз немесе темекі тартсаңыз, оны тастауға тырысыңыз. Бірақ бәрін бірден жасаудан аулақ болып, бір айда тек бір ғана әдетпен айналысыңыз. Өз денсаулығыңызға  өзіңіз көмектесіңіз.

Тыныш, жайлы іспен айналысыңыз

Бұл күйзеліспен күресуге көмектеседі. Әр адам үшін бұл іс әр түрлі болады: біреу үшін ұйықтау, басқасы үшін душ қабылдау, оқу немесе таза ауада серуендеу. Кейбіреулерді үйін, ауласын немесе жұмыс орнын тазалап, ретке келтіру тыныштандырады.

Қаржыңызды есептеңіз

Шынында, қаржы мәселесі көбінесе күйзелістің негізгі себептерінің бірі болады. Қаржылық мәселелеріңізді жеңілдету жолдарын табыңыз. Қарыздарыңызды санап, реттеңіз. Дүкенде қыдырып, ақша жұмсамай, одан қызықтырақ және қаржы талап етпейтін ермек табыңыз.

Көңілденіңіз!

Көңіліңізді жиі көтеруге тырысыңыз, бірнеше минутқа болса да, бірақ күн сайын көтеруге ұмтылыңыз. Әрине, көңіл көтеруді әр адам әртүрлі түсінеді, біреуге спорт болса, біреу үшін би болуы мүмкін. Мүмкін екеуі де!

Шығармашылықпен айналысыңыз!

Қандай да бір затты өз қолымен жасау –  бұл күйзелістің алдын алудың немесе болдырмаудың тамаша тәсілі. Біреу сурет салғанды, басқалары музыка жазғанды немесе тамақ пісіргенді ұнатады. Күйзеліспен күресте шығармашылықтың нәтижесі емес, жасау жолы маңызды.

Айналаңызда тәртіп орнатыңыз

Бөлмеңізді (жұмыс орныңызды) мұқият қарап шығып, айналаңызды «лас»  қылып тұрған заттарды анықтаңыз. Кейде оларды лақтырып тастаудың қажеті жоқ, тек бәрін орнына қойсаңыз болды, бөлмеңіз ретке келіп қалады. Үстеліңізді, бөлмеңізді ретке келтіру арқылы сіз  басыңыздағы ойларыңызды да ретке келтіресіз.

Іске сәт!

461
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *