Кәді салаты

Күз келді. Түрлі жемістер мен көкөністер көбейді. Сондықтан бүгін кәді салатын жасайық.

Сізге керек:

Кәді

Тәтті бұрыш

Қызанақ

Пияз

Аскөк

Сарымсақ

Тұз

Бұрыш

Зәйтүн майы

Дайындау жолы:

Кәдіні духовкаға салып 15-20 минуттай пісіріңіз. Ешнәрсе жақпай, құр өзін пісіріңіз.

Салаттың көлемін адам санына байланысты өзіңіз реттеңіз. Яғни, қажетіңізше үлкен тәтті бұрышты, қызанақ пен пиязды алып, турайсыз.

Піскен кәдінің сыртын аршып, төртбұрыштап турап, ыдысқа салыңыз. Туралған басқа көкөністермен араластырыңыз. Қалауыңызша аскөк пен сарымсақ қосыңыз.

Барлығын тұздап, бұрыш қосыңыз. Соңында 1 ас қасық зәйтүн майын құйып, жақсылап араластырыңыз.

Ас болсын!

Дайындаған https://aspazdik.wordpress.com/

578
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *