Юкасама Рика ұсынған 12 оңай жапон тағамының дайындалуы

Көкөніс қосылған мисо сорпасы

Юкасама Рика ұсынады:

Мисо сорпасы диета ұстаған кезде де және қартаюды баяулататын тағам ретінде де өте пайдалы. Бұл сорпаны дайындау барысында түрлі көкөністерді қолдана аласыз. Оған қоса бұл сорпаны күнде дайындауға болады. Сорпадағы маңызды ингредиенттің бірі – даси.

Сізге қажет (2 адамға)

  • Картоп – 1 дана.
  • Пияз – 1/2 дана.
  • Даси дәмдеуіші – 1 шай қасық
  • ВСу – 2 стақан
  • Мисо пастасы – шамамен 2 үлкен қасық
  • Куро-ситими специялары (немесе ситими / қызыл бұрыш) – дәміне қарай

Дайындау жолы

Аршылған және туралған пияз бен картопты суда жұмсақ болғанша баяу отта пісіріңіз.

Түйіршіктелген даши қосыңыз.

Түйіршіктелген даши өте ыңғайлы — оны қосу арқылы тағамға «жапон» дәмін бере аласыз.

Мисо пастасын қайнаған суда ерітіңіз. Біз Кюсю тәтті дәнді мисо немесе шиншу мисо қосуды ұсынамыз.

Картоп пен пияз дайын болғанда, даши қосыңыз, ал соңында — мисо пастасын қосыңыз.

Сорпаны пісіруге қатысты кеңестер мен ескертпелер

  • Бұл рецептті әкем мисо сорпасын жасау үшін жиі пайдаланатын.
  • Біз картоп пен пиязды қолдандық, бірақ сіз жасыл шпинат, цикорий, қырыққабат сияқты көкөністерді қоссаңыз болады.
  • Сорпада пісірілген көкөністер көп және ол пайдалы, сондықтан мен бұл сорпаны отбасыма күнделікті дайындаймын.
  • Мисо ашытылған соя бұршақтарынан жасалған, сондықтан оның құрамында Е дәрумені, изофлавондар, ақуыз және басқа қоректік заттар көп.
  • Мисо сорпасын күнделікті мәзіріңіздің бір бөлігіне айналдырыңыз — ол қан қысымы мен холестерин деңгейін төмендетеді деп есептеледі, бұл қартаюды бәсеңдететін диеталық өнім.
  • Кейбір адамдар сорпаны тек мисо пастасын пайдаланып жасайды, бірақ мен дашиді пайдалануды ұсынамын, бұл сорпаны әлдеқайда дәмді етеді.

Фото: Натори Кадзухиса
Тұснұсқада мақаланы жазған: Усами Рика (Мақала жапон тілінде 22 қаңтарда 2018 жылы жарық көрді.)

466
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *