Лазанья

Лазанья десе есімізге бірден Италия түседі. Бізге де бұл тамақ ұнайды, себебі ол қамыр мен еттен дайындалады.

Сізге қажет:

– 3 пияз
– 1 сәбіз
– 800 гр фарш
– 2 қасық томат
– 2 қызанақ
– 1 ас қасық сұйық май
– 1 ас қасық ұн
– 2 стақан сүт
– жайма (дайын, дүкеннен сатып алынған)
– 300 гр ірімшік

Дайындау жолы

Пиязды майдалап тұрап, майға қуырыңыз. Пияз сарғыш түсті бола бастаған кезде үккіштен өткізілген сәбіз қосыңыз. 5 минуттай қуырыңыз. Фарш қосып тағы қуырыңыз. Томат қосыңыз. Томат толығымен етке сіңгенше қуырыңыз.

Қызанақтарды ыстық судың (қайнаған) астында ұстап, қабығын аршыңыз. Блендерде езіңіз. Езілген қызанақты етке қосып араластырыңыз. Қажетінше етке 1 стақан қайнаған су немесе сорпадан қосу керек.

Бешамель соусы (немесе ақ соус) үшін: сары май немесе 1 ас қасық сұйық майға 1 қасық ұнды қуырыңыз, үстіне сүт қосыңыз. Бәрін миксермен араластырып, жәй отта пісіріңіз.

Ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Лазания пісіретін ыдысқа 2 қасық бешамель соуысын құйыңыз да, шикі жайма қамырдан тізіп шығыңыз. Қамырдың үстіне еттен, ет үстіне соус құйып, ірімшік сеуіп қамыр біткенге дейін тізіп шығыңыз. Соңғы қабаты сыр болуы керек. Духовкада пісіріңіз.

Қаласаңыз үстін фольгамен жауып пісіріңіз, немесе жаппай да пісіруге болады.

Піскен лазаньяны алып, бірден кесіп, дастарханға ұсыныңыз.

Ас болсын!

574
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *