«Машиналық оқыту және интеллект» жазғы мектебі

Майкрософттың «Машиналық оқыту және интеллект» жазғы мектебі Санкт-Петербург қаласында 2015 жылғы 29 шілде мен 5 тамыз аралығында өтеді. Мектеп жұмысы Microsoft компаниясының зерттеу бөлімшесі — Microsoft Research және Яндекс компаниясының демеушілігімен, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қатысуымен ұйымдастырылады.

Мектеп жоғарғы курс студенттеріне, аспиранттар мен жас зерттеушілерге алдыңғы қатарлы ғалымдардың машиналық оқыту саласындағы соңғы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар машиналық оқытудың жаңа кезеңінде пайда болған негізгі міндеттермен танысып, ақпараттық революцияны қоғам игілігіне жарату үшін қажетті болатын жаңа әдіс, тәсіл, құралдарды меңгереді.

Қатысу

Жазғы мектеп жұмысына машиналық оқыту мен жасанды зерде саласында оқып, жұмыс істеп жүрген жоғарғы курс студенттері, аспиранттар, жас зерттеушілер мен бағдарламашылар (35 жасқа дейін) қатыса алады. Мектеп жұмысы негізінен ресейлік қатысушыларға арналған, алайда Ресейге визасыз кіру мүмкіндігі бар өзге елдердің тұрғындары да қатысуға өтінім берсе болады.

Жазғы мектеп жұмысы негізінен ағылшын тілінде жүреді, алайда кейбір баяндамалар орыс тілінде болатындықтан, қатысушылар екі тілді де жақсы меңгеуі тиіс.

Жазғы мектеп жұмысына қатысу үшін алгоритмдер бойынша және бағдарламалаудан машықтары болуы тиіс. Мектепке қабылданған өзге қалалардан келген қатысушылардың тұрғын жайы мен тамақтану ақысы төленеді. Қатысушылар Санкт-Петербург қаласына барып-қайтқан шығындарын өздері көтереді.

Форматы

Жазғы мектеп жұмысына оқу курстары, лекциялар, сұрақ-жауап сессиялары және үй тапсырмалары кіреді.

Қатысу үшін үміткерлер 2015 жылғы 31 наурызға дейін өтінім беруі тиіс.

Толығырақ — Мектептің сайтында.

 

235
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *