Бүгін Шымкентте мектеп оқушылары TEDx туралы мәліметтер алып жатыр.

Сонымен бірге идеяның пайда болуы, қажеттілігі,  маңызы, кімге керек деген сияқты бағытта талқылаулар жүргіздік.

Оқушылар өз идеяларын айтып, тақырыптар таңдады, оны талқылап, топтасып жұмыс істеді.

Оқушыларды көп мәселер толғандырады екен: қазақ тілі, ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, сутегін қолдану, энергия көздері, мүгедек адамдардың өмірге деген оптимистік көзқарастары, арақтың зияны, жақсылық пен жамандық т.с.с. Осы тақырыптарды өз деңгейлерінде ашып, ойларымен бөлісті.

Бұл өткізіліп жатқан семинарымызда ең қиыны тақырып таңдау, оны TED форматында ұсыну, біз соған қарай алғашқы қадамдарымызды жасап жатырмыз, осындай жұмыстарымыздың нәтижесінде мектепте TEDx конференциясын өткізуді мақсат қылып отырмыз. Бұл үшін әрине өте көп жұмыс істеу керек, бірақ ізденіс пен талаптың, қызығушылық пен табандылықтың арқасында бұл нәтижеге де қол жеткіземіз деп сенеміз.

Семинар барысында біз ылғи «Жазу шеберханасын» өткізіп тұрамыз.  «Жазу шеберханасында» оқушылар сөздермен жұмыс істейді, сөздердің мағынасына ұқсас немесе осы сөзді оқығанда ойына келетін сөздердің тізбегін жасайды, сөзге әріптер қосып, алып тастап басқа сөздер құрастырады, бір-бірінің сөз тізбегін толықтырады, ұсынылған тақырыптардан таңдап алып, әртүрлі бағыттағы жазба жұмыстарын орындайды. Соның бір-екі мысалын оқыңыздар.

Теңізге құлаған адам тірі қалды

Өмірде жақсы да бар, жаман да бар,
Көктемнің нұрлы шуақ нәрі де бар,
Қақыраған алай-дүлей қары да бар.
Неге мұңаясың, қалқам-ау, жарқын бағым?!
Өмірің әлі алдыңда, келер бағың!
Сенен жаман жан жоқ па?
Қарашы, жан-жағыңа …
Қалқам-ау, үмітің сөнбесін,
Өмірің әлі алдыңда.
Теңізге құлаған адам тірі қалды!
Көтер басты, кімнен кемсің, жыламашы!
Әлі де қайғы-мұң артта қалар,
Татулық, бейбіт бірлік нұрын шашар!
9С сынып оқушысы ГҮЛМАРЖАН ӘБДІРАЗАҚ

«Бұл оқиғадағы ең таңқаларлық жағдай — барлық оқушылардың өздерінің сөйлеген сөздеріне мән беріп қарауы, нағыз дәйекпен сөйлеуі. Бұл жердегілер — әр жерден келген дарабоздар.  Ойларын нақты жеткізе білгенде, шынымды айтсам, таңқалдым. 

Сонымен қатар ғылыми бағыттағы өздерінің кеңестері мен ұстанымдарын да айтып жатыр. Барлығы шетінен оратор. Өздерінің ойларын қорғауға деген құлшыныстары өте жоғары. Бірін-бірі іліп әкетіп, қолдап немесе келіспейтіндіктерін де айтып жатыр. 

Дұрыс! Мен мұндай қасиеттерді қолдаймын! Нағыз пікірталасқа шығатын жастар екен. Оларға зор табыс тілеймін!» АМАНХАН АСЫЛХАН 9С сынып оқушысы

2238
Share

От bilimpaz

5 комментариев для “Мектеп оқушылары TEDx туралы”
  1. Сабақ өте қызықты өтті. Мен достарымның кез-келген сұраққа еркін жауап беріп,ойларын мүлтіксіз жеткізіп,тығырықтан шығып кете алатынын байқадым.

  2. Маған бұл күнгі өткен сабақ өте қатты ұнады,әрі зор әсер қалдырды. Көптеген қызықты мәліметтер алдым. Айта кетсем TEDх туралы мен бұрын-соңды білмеген едім, енді біліп жүретін болдым.

  3. Бұл семинардан өзімнің білім-танымымды толықтырып шыққандай болдым. Сондай ыстық кабинетте отырсық та, тренердің мықты әдіс-тәсілдерінің, оқушылардың алғырлықтарының арқасында семинар өте қызықты өтті. Көп мәліметтерге қанық болдық. Бүкіл оқушылардың атынан Бақытгүл Орынбасарқызына алғысымды білдіргім келеді!

  4. Рақмет, Нұрсәуле. Енді өздеріңіз осы жұмыстарды ары қарай жалғастырып алып кетесіздер деп сенемін. Сіздерге сәттілік, бірігіп істеген жұмыстарымыз көбейе берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *