Метағалам: қашан пайда болады?

Соңғы уақытта Метағалам туралы айтпаған адам жоқ, біз де нақтылап «метағалам қашан пайда болады?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Метағалам: бұл не және ол қашан пайда болады?

The Conversation Марк Цукербергтің нені құрастыруға тырысып жатқанын анықтады.

Метағалам — бұл көптеген адамдар виртуалды кескіндері — аватарлары арқылы бір-бірімен және цифрлық нысандармен әрекеттесе алатын тұрақты қосылып тұратын виртуалды орталар желісі. Иммерсивті виртуалды шынайылық, онлайн көп ойыншылары бар рольдік ойынның және ғаламтордың тіркесін көзіңізге елестетіп көріңізші.

Метағалам — бұл ғылыми фантастика саласынан алынған концепция, оны технологиялық индустриядағы көптеген адамдар бүгінгі интернеттің мұрагері ретінде қарастырады. Бұл әзірге бір ғана көрініс, бірақ Facebook сияқты технологиялық компаниялар оны жұмыс, ойын, оқу және сатып алуды қоса алғанда, көптеген онлайн әрекеттердің негізіне айналдыруға тырысады. Facebook компаниясының бұл концепцияға құмарлығы сонша, ол метағаламда үстемдік ету мақсатын баса көрсету үшін өз атауын Meta деп өзгертті.

Метағалам сөзін алғаш рет ғылыми фантаст-жазушы Нил Стивенсон «Көшкін» (Лавина) (1992) фильмінде қолданған. Ол басты кейіпкер Хиро қарым-қатынас жасайтын, сауда жасап, өзінің аватарының көмегімен шынайы әлемнің жауларын жеңетін виртуалды әлемді осылай атады. Бірақ бұл тұжырымдама Уильям Гибсонның «Нейромант» (1984) новаторлық романындағы «киберкеңістік» ретінде «Көшкінге» дейін пайда болған түсінік.

Метағаламның үш негізгі аспектісі бар: қатысу, өзара үйлесімділік және стандарттау.

Қатысу — бұл виртуалды адамдармен виртуалды кеңістікте екеніңізді сезіну. Ондаған жылдар бойы жүргізілген зерттеулер бұл кейіпке ену сезімі желідегі өзара әрекеттесу сапасын жақсартатынын көрсетті. Қатысу сезіміне дисплейлері бар арнайы дулығалар сияқты виртуалды шынайылық технологиялары арқылы қол жеткізіледі.

Функциональды өзара үйлесімді жұмыс істеу мүмкіндігі аватарлар мен сандық элементтер сияқты бірдей виртуалды активтерді пайдаланып виртуалды кеңістіктер арасында үздіксіз қозғалу мүмкіндігін білдіреді. ReadyPlayerMe адамдарға жүздеген әртүрлі виртуалды әлемдерде, соның ішінде Animaze сияқты қолданбаларды пайдаланып Zoom жиналыстарында пайдалануға болатын аватарды жасауға мүмкіндік береді. Ал криптовалюталар мен бірегей токендер сияқты блокчейн технологиялары цифрлық тауарларды виртуалды шекаралар арқылы тасымалдауды жеңілдетеді.

Стандарттау — бұл метағаламдағы платформалар мен қызметтер арасындағы өзара әрекеттестікке мүмкіндік беретін нәрсе. Барлық медиа-технологиялар сияқты — баспа машинасынан мәтіндік хабар алмасуға дейін — кеңінен қолдануды ендіру үшін ортақ технология стандарттары қажет. Бұл стандарттарды Open Metaverse Interoperability Group сияқты халықаралық ұйымдар анықтайды.

Неліктен метағалам маңызды?

Егер метағалам шынымен Ғаламтордың мұрагеріне айналса, оны кім және қалай құрастыратыны болашақ экономика мен жалпы қоғам үшін өте маңызды. Facebook ішінара виртуалды шынайылыққа қомақты инвестиция салу арқылы метағаламды қалыптастыруда жетекшілік етуге дайын. Facebook бас директоры Марк Цукерберг метағалам заманауи әлеуметтік желілер сияқты иммерсивті емес платформаларды да, виртуалды шынайылық сияқты иммерсивті 3D медиа технологияларды да қамтитынын және ол жұмыс үшін де, ойын үшін де қолданылатынын айтты.

Мүмкін бір күні метағалам Эрнест Клайнның “Бірінші ойыншы дайындалсын” (Ready Player One) кітабында ұсынған жарқын ойдан шығарылған Oasis ойынына ұқсайтын шығар, бірақ әзірше иммерсивті мета-тәжірибе алу үшін сіз Fortnite және Roblox сияқты ойындарды, VRChat және AltspaceVR сияқты виртуалды шынайылық әлеуметтік желілерінің платформаларын және Immersed сияқты виртуалды жұмыс кеңістіктерін қолданып көруіңізге болады. Ал бұл әр түрлі кеңістіктер біріктіріліп, үйлесімді болған кезде, шын мәнінде бірегей метағаламның пайда болуын күтіңіз.

Дереккөзі: https://theconversation.com/what-is-the-metaverse-2-media-and-information-experts-explain-165731

294
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *