Микротолқынды пеште қыздыруға болатын және болмайтын нәрселер

Қазіргі заманда микротолқынды пештер өте жиі қолданылады. Бірақ барлығымыз микротолқынды пеште қыздыруға болатын және болмайтын нәрселер туралы жақсы білеміз бе?

Негізі микротолқынды пеш – асыққан кезде тамақты тез жылытуға арналған құрал.  Бірақ соңғы жылдары микротолқынды пеште тек қана жылыту емес, сонымен бірге мұздаған нәрсені еріту, кейбір нәрселерді пісіруге болады. Дегенмен тамақ қыздырған кезде тамақты қандай ыдысқа салып ысытатыңыз да маңызды.

Кейбір адамдар микротолқынды пешті қолданып түрлі тәжірибелер жасап жатады. Мұның бәрі адам денсаулығына зиян келтірмейді деп сенімді айта алмаймыз.

Айналамызда бар ақпараттарды жинақтап микротолқынды пеште не қыздыруға болады және нені қыздыруға болмайды, қандай ыдыс-аяқ қолдану керек деген сияқты кейбір сұрақтарғаа жауап іздеп көрейік.

Қандай ыдыс-аяқты микротолқынды пешке қоюға болады?

Шыны ыдыс.

Микротолқынды пеште қыздыру және пісіру үшін ең жақсы және сәйкес келетін ыдыстың түрі. Ыдыс тым жеңіл емес екеніне көз жеткізіңіз: егер ол жеңіл болса, ол балқитын материалдан жасалғанын және пеште пайдалануға жарамсыз екенін білдіреді. Сонымен қатар, оның үстінде бояуы болмауы керек.

Керамикалық ыдыс.

Керамикадан жасалған ыдысты да қолдануға болады. Бірақ ол қатты қызатынын ұмытпаңыз, алар кезде қолыңцызды күйдіріп алмаңыз. Сондай-ақ, керамикалық ыдысқа  алтын түс жалатылмағанын ескеріңіз.

Силикон қалыптар.

Силикон формалардың пеште және микротолқын пеште де қолдануға арнап жасалғанын білеміз. Сонымен қатар мұндай силикон формаларда тек кондитер өнімдерін ғана емес, сонымен қатар бәліш, көкөністер және басқа да тағамдарды жасай аласыз.

Пісіруге арналған қағаз формалар.

Қолыңызда ыдыс не тағамды жабуға арналған арнайы қақпақ болмаса, бұл өте қолайлы екенін естеріңізге саламыз.

Микротолқынды пеште  ыдысты қолдануға болатынын тексеру үшін, былай жасаңыз: ыдысқа су құйыңыз да, ішіне салыңыз. Пешті максималды қуатта бір минутқа қосыңыз. Егер су ысыса, онда ыдысты қолдануға болады. Ал егер ыдыс ысып кетсе, онда қолдануға болмайды.

Микротолқынды пеште  қолдануға болмайтын ыдыстар

Мына ыдыстарды қолдануға тыйым салынған:

Металл ыдыстар, соның ішінде консерві банкілері.

Металл ыдыстар микротолқынды өткізбейді, өзінен шағылыстырады. Сондықтан оларды пеште қыздырған кезде ұшқын болып, өртке әкелуі мүмкін. Дәл сол себепті сіз алтын жалатылған тәрелкелерді де пайдалана алмайсыз.

Бір рет қолданылатын контейнерлер.

Оларға өзіңмен бірге алып кететін тамақты салатын ыдыс, орамалар, пластик шыныаяқтар, йогурт және басқа да өнімдер банкалары жатады. Бұл ыдыстар жоғары температураға  шыдамайды және микротолқынды пеште еріп кетуі мүмкін. Кейде тіпті еріп кетпесе де, қыздырған кезде олардан зиянды химиялық заттар бөлінетінін ескеріңіз.

Хрусталь.

Оның құрамында метал бар және сондықтан оны  микротолқынды пешке салуға болмайды.

Алюминий фольга.

Ол микротолқынды пеште жай ғана жана бастайды.

Қағаз қаптар.

Біріншіден, олар да өртеніп кетуі мүмкін. Екіншіден, қағаз қаптағы желім, бояу және басқа да қосымша материалдар қыздырған кезде улы булар бөлуі мүмкін.

Микротолқынды пеште  қолдануға болатыны не болмайтыны күмән тудыратын ыдыстар

Пластик ыдыстар.

Бұл ең көп дау туғызатын ыдыстың түрі. Тіпті микротолқынды пеште қолдануға рұқсат етілген пластмасса түрлері де  қыздырған кезде  канцерогенді зиянды заттар шығарады деген алаңдаушылық бар. Ғалымдар азық-түлікті пластик ыдыста сақтаудың зияны шамалы десе де, қауіптің алдын алып, тағамды шыны ыдыста қыздырған дұрыс. Микротолқынды пешке деформацияланған немесе жарылған ескі пластик ыдыстарды ешқашан салмаңыз.

Тамақты орауға, жабуға арналған пленка.

Бұл да жоғарыда айтылғандай себептермен алаңдаушылық тудырады. Сондықтан онымен микротолқынды пештегі ыдысты жапқыңыз келсе, оның тағамға тиіп кетпеуін қадағалаңыз.

110
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *