Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!
Химия-биология бағытындағы зияткерлік мектептегі семинарымыздың екінші күні құттықтаумен басталды.

Бүгін мектеп ерекше күйде. Таңертеңнен оқушылар мектептің есігінің алдында ұстаздарын күтіп алып мерекемен құттықтап жатыр. Олар кіре берістен бастап екі қатар болып тұрып, ду қол шапалақтап және «құттықтаймыз» деп мұғалімдерді қарсы алды.

Құрметті мұғалімдер!

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Зор денсаулық, қайрат, болашаққа сенім, сүйіспеншілік пен ризашылық тілейміз!

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем.

Ұстаз болу жүректің батырлығы,

Ұстаз болу сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

4

393
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз!”
  1. Ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз тыныш, басымыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *