Сабақ барысында қолдануға болатын ойын түрлері өте көп. Бұрынырақта ойын түрлерін көбінесе ауызша жүргізуге бағыттайтын. Сонымен қатар үлестірмелі материалдармен де жүргізілетін ойын түрлері оқу үрдісін түрлендіріп отыруға септігін тигізетін.  Компьютер заманы өзімен бірге компьютерлік ойындарды да ала келді. Сондықтан бұл мүмкіншілікті оқу үрдісіне қарай бұру басты мақсаттардың бірі болды.  Сондықтан мамандар ойын түрлерін құрастыруға бағытталған бағдарламаларды ойлап тауып, ұсына бастады.

Түрлі ойындарды өзіңіз құрастыруға мүмкіндік беретін ресурстар аз емес, бірақ оларды тауып өз жұмысыңызда қолдану да оңай болып тұрған жоқ.

Мен біраз уақыт іздеп жүріп жайлап-жайлап осындай мүмкіншіліктерді іздестіру барысында тапқан сайттарыммен бөлісе отырайын. Мына сайтта сіздер паззл жасауға мүмкіндік аласыз.

Мына мысалға назар аударсаңыздар, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен көріністі жинауға мүмкіндік аласыз.

1998
Share

От bilimpaz

3 комментария для “Ойын түрлері”
  1. Иә, қазақ тілін енді үйреніп жүрген бір қызым бар еді. Басында пазлды ұнатпаймын деген. Соңында өз рекордын өзі жеңем деп әбден әлекке түсті. Суреттері өте әдемі екен деді. Басқаларың бар ма? Көп рақмет саған!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *