29-30 сәуірде «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2014» атты бесінші аймақтық орта азиялық форум өтеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін форум Алматы қаласында «Гранд-отель Тянь-Шань» қонақ үйінде өтеді. (Бөгенбай батыр көшесі 115, Төлебаев көшесінің қиылысы).

Іс — шара барысында Орталық Азия елдерінде Интернеттің дамуы талқыланады. Оған мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, академиялық орта мен бизнес дипломаттар өкілдері, интернет-белсенділер, журналистер, заңгерлер және шет елдік интернет-сарапшылар қатысады.

Форумға Орталық Азияның 5 елінің сарапшыларымен қатар, ЕК мамандары, Ресей, Украина, Литва, Беларусь елдерінің сарапшылары қатысады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылады.

Форумға қатысу үшін (тегін) онлайн-тіркелу қажет. Егер сіз форумның қатысушысы болғыңыз келсе немесе журналист, блогер ретінде тіркелгіңіз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз.

Іс-шараға баяндама жасаушы ретінде қатысқыңыз келсе, келесі үлгіні толтырыңыз. Баяндамашы ретінде тіркелу 2014 жылдың 15 cәуір күні аяқталады.

Іс-шараға қатысқысы келетін сарапшы-баяндамашылар төменде көрсетілген тақырыптар арасынан баяндама тақырыбын таңдауына болады. Сондай-ақ, тақырыпты өзі ұсына алады.

Форумның негізгі тақырыптары:

  • Интернет желісіндегі мемлекеттік саясат
  • Ұлттық тілдегі Интернет контенттің дамуы
  • Интернеттегі құқықтық реттеудің халықаралық стандарттары
  • Интернет алаңындағы э кстремизм мен терроризм
  • Интернет желісін заңнамалық реттеу
  • Жаһандық желідегі ақпараттық соғыстар
  • Әлеуметтік идеяларды дамытуда жаһандық желіні қолдану
  • Интернет журналистикадағы заманауи шақырулар
  • Интернет — коммуникация саласындағы білім беру
  • Қазіргі заманда жаһандық коммуникациялардың рөлі
  • Интернеттегі сөз бостандығы

Спикерлердің баяндама тақырыптарын бекіту үшін тақырыбыңыздың негізгі тезистерін айқындап презентация дайындау керек. Презентация шарттары төменде көрсетілген.

Тек баяндама жасаушылардың жол ақысы, тамақтануы, қонақ үйде тұруы ұйымдастырушылар есебінен төленеді. Өзге қалалардан келген қатысушылардың шығындарын ұйымдастырушылар төлемейді.

Ұйымдастырушылар серіктестік жөніндегі ұсыныстарды қабылдауға дайын.

Барлық сұрақтар бойынша MediaNet ХЖО жоба және PR үйлестірушілері Василина Ворковаға ( vassilina.vorkova@gmail.com ) және Сәния Әбдіғапарға (abdigapar.sanyia@gmail.com сонымен қатар +7 727 261 66 69, 261 27 90 телефондарынахабарласыңыз.

Дереккөзі: http://medianet.kz/2232

585
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *