Оскар кино сыйлығы

90 жыл бұрын 1931 жылғы 10 қарашада 4-ші Оскар кино сыйлығы ерекше атылып өтті. Марапаттау рәсімі Лос-Анджелестегі Балтимор қонақ үйінде 1800 қонақтың қатысуымен өтті. Сыйлық мемлекеттік деңгейде қолдау тапты. Вице-президент Чарльз Кертис президент Гувердің жеке хабарламасымен рәсімге қатысу үшін Вашингтоннан келді.

Осы жылы үш жаңа санат қосылды: екеуі сценарий үшін және біреуі техникалық жетістіктер үшін.

Бұл марапат рәсімінде алғаш рет қорғасын және қалайы қорытпасынан жасалған «британиум» статуэткасы ұсынылды. Бұрын статуэткалар алтын жалатылған қоладан болатын. Осы жылы үздік фильм номинациясында Уэсли Рагглс түсірген вестерн стиліндегі «Симаррон» фильмі жеңімпаз атанды және үш статуэтка алды (Үздік фильм, Үздік бейімделген сценарий, Үздік қоюшы-режиссер).

«Үздік ер адам рөлі» жүлдесін Лионель Бэрримор, «Үздік әйел рөлі» жүлдесін Мари Дресслер алды.

475
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *