Оқушылар жетістігі

Мектепте істеген әрбір адам оқушыларының жетістігімен мақтанады, кішкене де болса алға жылжу болса соған қуанып, мотивация алып, басқаларға да көңіл-күй, жігер, өзіне деген сенім ұялатуға тырысып тұрады.

Осы оқу жылының соңында мен де мектебімізде болған көп жаңалық пен жетістіктердің ішінен бір-екеуін атап өтейін. Ол мектебіміздің талантты 4 оқушысының әртүрлі уақытта «Қайырлы күн» бағдарламасына түсуі. Олар туралы шағын сюжетті  еліміздің бүкіл көрермендері көргені. Осы және басқа да оқушыларыма сәттілік тілеймін, өздеріңнің алдарыңа қойған мақсаттарыңа еңбектеріңмен, талап-жігерлеріңмен жетулеріңе тілектеспін.

Ал енді оқушыларым туралы сюжеттерді көріңіздер:

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7сынып оқушысы Любовь Дудченко «Қайырлы күн» бағдарламасында (17.03.2016)

Қайырлы күн бағдарламасында 10-сынып оқушысы Ғазиз Жұмаш

Қайырлы күн бағдарламасында: Ақназар Қажымұрат, 9-сынып оқушысы

«Қайырлы күн» бағдарламасында Алматы ФМБ НЗМ оқушысы Үміт Бисары. Бағдарлама 2016 жылдың 5 ақпан күні көрсетілді.

924
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *