Прокрастинация тиімді болуға қалай көмектеседі?

Осыған дейін Прокрастинация туралы жазып, біраз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.

«Істерді орындауды кешіктіріп, кейінге қалдыру соншалықты жаман емес», дейді Ларри Ким.

Прокрастинация мүмкіндіктерді жояды деген тұжырым бар. Жұмысты кейінге қалдыру әдетінің беделі жаман, бірақ бұл жағдай толығымен дұрыс деуге болмайды. Керісінше, сіздің инерциялық тактикаңыз және әрекет ете алмауыңыз таңғажайып және жағымды нәтиже беруі мүмкін.

1. Прокрастинация тиімділікті арттырады

Шыны керек, егер сізде үш сағаттық жұмысты қажет ететін тапсырманы орындау үшін бір апта уақытыңыз болса, сіз оны, әрине, аптаның алғашқы үш сағатында орындамайсыз. Оны орындау мерзімі біртіндеп аптаның соңына қарай жылжи береді. Бұл үшін өзіңізді кінәлауды доғарыңыз. Егер сіз тапсыру мерзімі жақындап қалған кезде тиімдірек және өнімді жұмыс жасайтын адам болсаңыз, онда жағдай осылай болып қала берсін. Сіз жұмысты уақытында тапсырып үлгересіз де апта бойы өзіңізді “еріншекпін, ерік-жігерім жоқ” деп сөккенен гөрі бақытты боласыз.

2. Кейінге қалдыру артық еңбектенуден арылтады

Мысалы, сіз тапсырманы кейінге қалдырған соң, біршама уақыттан кейін оны мүлдем жасаудың қажеті жоқ болып шыққан жағдайлар болды ма? Егер сіз әр істі бірден қолға алатын болсаңыз, мұндай жағдайлар үнемі кездесуі мүмкін. Әр салада және әр жұмыста әрқашан өзгерістер болып отырады.

3. Сіз жаныңызға жағымды заттарға ашық боласыз.

Прокрастинация сізге таңдау еркіндігін береді. Сіз шынымен жасағыңыз келетін нәрсені өткізіп алғанды ​​ұнатасыз ба? Әрине, жоқ. Егер прокрастинация сізге бүгін бір нәрседен ләззат алуға мүмкіндік берсе және тапсырманы қажетті мерзімде орындауға мүмкіндік болса, онда жұмыстың соңғы минуттарда бітірілгеніне қарамаста  қажетті мақсатқа қол жеткізесіз, сонымен қатар жұмыстан ләззат аласыз.

4. Кейінге қалдыру мазасыздықты төмендетуі мүмкін

Әрине, бұл екі нәрсеге байланысты:

1) тапсырманың өзі сізді қаншалықты мазалайды;

2) оны кейінге қалдыру сізді қаншалықты мазалайды.

Біз негізінде көбінесе жасағымыз келмейтін нәрсені кейінге қалдырамыз, ондай тапсырмалар бізге ыңғайсыздық, мазасыздық немесе қорқыныш әкеледі. Егер сіз тапсырманы орындауға ақылмен дайындалуға және оны шешуге біраз уақыт бөле алсаңыз, онда сіздің жалпы алаңдаушылық деңгейіңіз төмендейді.

5. Уақыт өте басыңызда қызықты ойлар мен шешімдер пайда болады

Прокрастинация кезінде, миыңыз сізге қандай міндет жүктелетінін біледі. Мүмкін, сіз өзіңіздің күнделікті істеріңізді немесе басқа да жұмыс тапсырмаларын орындай отырып, оның дұрысырақ немесе әдемі де тиімді шешімін табарсыз. Сан-Диего университетінің профессоры Франк Партной «Wait» кітабында мәселені ойластыруға уақыт бөлудің маңыздылығы туралы кеңінен жазады. Кейінге қалдыру идеялардың “пісіп-жетуіне” мүмкіндік береді, бұл бір сәт отырып, сосын сіздің сана сезіміңіз бірдеңе ойлап тапқан кезде ғана жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде шешім үздік және тиімдірек болып шығуы мүмкін.

6. Кейінге қалдыру сізді бүлікші етеді.

Кем дегенде, қазіргі тәртіптерге қарсы бүлікші болып көрінесіз. Ежелгі Греция мен Римде прокрастинацияны құрметтеп, мадақтаған. Ол байлықтың, көшбасшылықтың белгісі – сіз отыруға, ойлануға және жалпы алғанда, шешім дайын болғанға дейін ештеңе жасамауға уақытыңыз бар екенінің көрсеткіші болды. Егер сізге бір мәселені қорытуға уақыт қажет болса, уайымдамаңыз. Мүмкін сіз классикалық дәуірдің адамы шығарсыз.

7. Тапсырманы орындау адреналиннің көтерілуіне әкеледі

Жұмыс біткен кез ең керемет сәт емес пе? Осы уақытта жаныңызды қобалжытатын сезімдерден ләззат алатын болсаңыз, онда жұмыс соңғы сәтте бітті деп қобалжудың не қажеті бар?

Қысқаша айтқанда, егер сіз кейінге қалдыру өнерін меңгерген болсаңыз, онда өзіңізді қинамаңыз. Сізге жұмысты кейінге қалдыру сұмдық дейтін адамдарды тыңдауды тоқтатыңыз. Жұмысты бәрібір соңына дейін орындадыңыз ғой! Және бұл «жаман» әдеттің салдарынан жұмыс нәтижесі одан да жақсы және ақыл-оймен жасалған болуы мүмкін.

Дайындаған Бақытжан Салихов

544
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *