Республикалық конкурс: «Менің Әуезовім»

Құрметті 9-11 сынып оқушылары!

Егер сіздер қазақ тілін жетік меңгерген, М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасымен жете танысқан болсаңыздар, өз білімдеріңіз бен дарындарыңызды жария етуге бірегей мүмкіндік беріледі!

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2012 жылдан бері дарынды оқушылардың шығармашылық конкурсын өткізе бастады. Дәстүрлі республикалық конкурсқа биыл «Менің Әуезовім» тақырыбы аясындағы шығармалар қабылданады. Осыған орай конкурс келесі мақсаттарды көздейді: Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұраларын жастар арасында насихаттау, жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулу ғылыми зерттеу жүргізудің дағды-машықтарын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту.

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларға қойылатын талаптар:

  • шығарма мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) жазылуы тиіс;
  • шығарма авторы 9-11 сынып оқушысы болуы керек;
  • шығарма көлемі А4 форматында (қаріп – Times New Roman, 14 кегль, жол аралығы – 1) 3-5 беттен аспауы тиіс;
  • шығарма мәтінінің жоғарғы оң жағында талапкердің толық аты-жөні мен нақты мекен-жайы (байланыс телефон міндетті түрде), сынып, мектеп атауы толық көрсетілуі тиіс.

Талапкер шығарманы Абай мен М.Әуезов шығармашылығындағы рухани байланыс, әдеби жалғастық  мәселелері бойынша еркін тақырыпта жаза алады.

Конкурсқа ұсынылған шығармалар 2014 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарды келесі ретпен анықтайды:

Үшінші орын – 1 номинация

Екінші орын –1 номинация

Бірінші орын – 1 номинация

Гран-при – 1 номинация

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар 2015 жылдың 29 қыркүйегінде өтетін «М.О.Әуезов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында марапатталады. Үздік шығармалар конференция материалдарының жинағында жарияланады.

Комиссия қорытындылары «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде жарияланады.

Конкурсқа қатысатын 9-11 сынып оқушылары өз жұмыстарын келесі мекен-жайға жіберуі тиіс: 050010, Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі, 185, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы. Электронды мекенжаймыз domauezov@mail.ru.

Сіздерден М.О.Әуезов мұрасы туралы қайталанбас, бірегей шығармаларды күтеміз! Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Біздің байланыс телефондарымыз: +7 (727) 261-22-27; +7 (727) 261-74-41;

 

484
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Республикалық конкурс: «Менің Әуезовім»”
  1. Конкурс нәтижелерімен таныс болсам деген ниеттемін. Нәтижелерді қайда жарияладыныздар? Маған ссылкасын жібере аласыздар ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *