Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция: «Оқытудың қазіргі заманғы  парадигмасы және оқулық: теориялық және әдіснамалық негіздері»

Бүгін сіздердің назарларыңызға Ақтөбе қаласында өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференцияның Ақпараттық хатын ұсынып отырмын.

Қызығушылық танытқан әріптерстеріміз конференцияға қатысып өз ойларымен бөліседі деп сенеміз.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2013 жылдың  12 желтоқсанында  «Оқытудың қазіргі заманғы  парадигмасы және оқулық: теориялық және әдіснамалық негіздері» тақырыбында республикалық  ғылыми-практикалық  конференция өткізеді.                                                                                                                             

Конференцияның ерекшелігі жаңа білім беру философиясы мен парадигмасына сәйкес білім берудің басым бағыттарына негізделген. Конференция мақсаттары: мұғалімдердің, оқытушылардың және  авторлардың оқытудың қазіргі заманауи теорияларын білуге; оқу кітабының оқу теорияларына негізделген технологияларға (интегративтік, модульдік, ақпараттық, қашықтықтан оқыту т.б.) сәйкес жасақталуының жай-күйін анықтап бағдарлауға; оқулық теориясынан біліктілігінің болуына; оқулыққа теориялық, әдіснамалық талдау жасай білуіне назарларын аудару.

Конференция төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

1.Қазіргі білім беру парадигмасы және оқулық.

2.12 жылдық білім беру және оқулық.

3. Қазіргі білім технологиялары және оқулық.

4. Жоғары және орта мектеп білім мазмұнының сабақтастығы.

Конференцияға        оқулық авторлары, ғалым-педагогтар, мектеп, колледж мұғалімдері, магистранттар шақырылады. Конференцияның жұмыс тілдері-қазақ, орыс. Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының жинағын шығаруды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына ену үшін мақала (1дана), қатысушының тіркеу формасы электронды және қағаздағы нұсқа түрлерінде   23 қарашаға  дейін жіберілу керек.

Мақала баспадан шығу үшін келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

Мақала мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:

1. Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.

2. Парақтың параметрлері: жоғары-2 см, төменгі-2 см, сол жағы-3 см, оң жағы-2см.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль-12.

4. Жол аралық : 1 интервалмен

5. Бір жолдан кейін-ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ

    ШРИФТПЕН) жазылады.

6. Баяндама тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін-парақ ортасына кіші әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

7. Төменгі жағына жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен).

8. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан мақала материалдары жазылады.

9. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады.

10. Мақала соңында қысқаша  аннотация (түйін) беріледі. 

Тіркеу формасы

  1. Тегі, аты-жөні толығымен_________________________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы___________________________________________
  3. Жұмыс жасайтын мекемесі, қызметі________________________________________________________________
  4. Мақала тақырыбы________________________________________________________
  5. Секциясы_______________________________________________________________
  6. Керекті техникалық құралдар______________________________________________
  7. Жатақ орынның қажеттігі_________________________________________________

Мақала уақытылы тапсырылмаған және үлгіге сәйкес болмаған жағдайда  қаралмайды.

Мақаланы мына мекен-жайға  жіберуіңіз сұралады:

Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, 211 «А»  бөлмесі, e-mail: Kenzhegulova. ajbolgan@mail.ru, және  Гришина көшесі 7 «А», педагогика және психология факультеті,  e-mail: aldashev13@ mail.ru,ms.miko77@mail.ru Жауапты: Есенғұлова Мейрамгүл Нұралықызы. Телефондар: 8-702-796-54-58,  8 (7132) 55-65-66, телефакс 8(7132) 568280

Тіркеу жарнасы -2500 теңге.       Жарна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің төмендегі есепшотына  «Конференция-2013» деген белгімен жіберіледі:

«Қ.Жұбанов атындағы өңірлік Ақтөбе мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

ҚР Білім және ғылым министрлігі

030000,Ақтөбе қ, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34

БИН 130840021720

РНН  061800327616

ИИК  КZ 516010121000182310

БИК HSBKKZKX

АҚ «Қазақстанның Халықтық Банкі»

КБЕ16

Іс-сапар және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

 

ОҚУЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ 

Абаев К.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе

Мақаланың негізгі мәтіні

                                                                Әдебиеттер

Аннотация (түйін)

Ұйымдастыру комитеті.

146
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *