Рингельман эффекті

Рингельман эффекті дегенді естуіңіз бар ма?

1927 жылы өте қызық тәжірибелер сериясы жүргізілді, оның нәтижесін қазір, өкінішке орай, сирек еске алады. Бұл тәжірибелердің нәтижесі психологияда «Рингельман эффекті» деген атаумен сақталған.

Тәжірибелердің  мәні.

Ең қарапайым адамдарға ауыр заттарды, мысалы, гір көтеруді сұрайды. Әр адамның ең ауыр қандай салмақты көтергенін жазып алады. Осыдан кейін қатысушылар белгілі бір топтарға біріктіріледі, алдымен –  екі, кейін – төрт адам, сосын топ сегіз адамнан тұрады.

Алдына-ала жасалған болжамдар айдай анық болды: егер бір адам шартты түрде 100 кг көтере алса, екі адам бірге 200 немесе одан да көп салмақты көтеруі керек. Өйткені топтық жұмыс көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді, оның нәтижесі топ мүшелерінің жеке нәтижелерінің қосындысынан асып түседі деген аңыз-идея сол кездің өзінде де кең тараған еді. Бұл ой қазіргі заманда да бар және көптеген адамдар оны белсенді түрде қолдайды.

Бірақ, өкінішке орай, бұл шындыққа жатпайтын қағида! Тәжірибе нәтижесінде екі адам жеке көрсеткіштерінің қосындысының тек 93% ғана тең жүкті көтерген. Ал сегіз адам өздерінің жеке көрсеткіштерінің қосындысының тек қана 49% көтере алған.

Тәжірибеге қатысушыларды басқа тапсырмалар беру арқылы да тексерген. Мысалы, арқан тартысу. Бұл жағдайда да сол нәтиже көрсетілді. Топтағы адамдар саны өскен сайын олардың пайыздық көрсеткіші төмендей берген.

Мұның себебі түсінікті. Адам тек өз күшіне сенген жағдайда ол бар күшін салып, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Ал топ ішінде өз күшіңізді үнемдей аласыз, бәрібір ешкім байқамайды деп ойласыз. Бұл танымал әзілдегідей: мерекеге бүкіл ауыл болып бір бөшке шарап жинауға шешім қабылданады.  Әр ауладан – бір шелек шарап әкелу керек. Соңында бөшкенің таза суға толы екендігі анықталады: өзінің қулығы жиналған шараптың жалпы мөлшерінде байқалмай қалады деп үміттенген ауыл тұрғындарының әрқайсысы бір шелек су әкелген екен!

Енжарлықтың бұған қандай қатысы бар дейсіз бе? Сіз белгілі бір әрекет жасаған кезде қанша  күш-жігеріңізді жібергеніңізді  еріксіз түрде есіңізде сақтап қаласыз. Келесі жолы осындай іске тап сонша немесе одан да кем күш жұмсайсыз. Осылай бірте-бірте басқалармен бірге жасалатын жұмысқа деген енжарлықты қалыптастырасыз.

Тиісінше, әлеуметтік енжарлық жағдайында біз оның шығу тегін және ақыр соңында нәтиженің нөлге дейін төмендеуіне әкелетінін жақсы түсінеміз деп айта аламыз. Бірден емес — инерция бойынша кейбір жұмыстар жасала береді. Бірақ сонда да келе-келе нәтижесі нөлге дейін түседі. Бірден атап өтейік: әлі ешқандай әлеуметтік технологиялар Рингельман әсерін жеңуге мүмкіндік бермеді. Сіз «топтық жұмыс маманының» дұғаларын жатқа білсеңіз де, топ неғұрлым көп болса, соғұрлым адам енжарлықты көбірек  танытады.

191
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *