Салман Хан

Салман Хан — америкалық педагог, Khan Academy онлайн университетінің және Маунтин-Вьюдегі  Lab School білім беру зертханасының негізін қалаушы.

Массачусетс технологиялық институтының және Гарвардтың түлегі Хан дәстүрлі білім беру жүйесін толығымен қайта құруды белсенді түрде жақтайды. Ол барлық студенттер бір сабақты бір кесте бойынша оқитын тәсіл өте қарапайым және ескірген екеніне сенімді.

Ханның айтуынша, онлайн оқыту адамға кеңістік беріп, дәстүрлі оқыту жүйесі жойған қызығушылықты қайтарады. «Тереңірек түсінгіңіз келе ме? Алға, — дейді ол. Бірақ тек қана онлайн сабақтар жүргізу жеткіліксіз. Сондықтан Хан балалар өздеріне ыңғайлы ырғақта жұмыс істейтін және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, негізгі дағдыларды үйренетін, мұғалімдер олардың үлгерімін қадағалайтын және қажет болған жағдайда көмектесетін мектеп құруды шешті. Әзірге Lab School мектебінде Силикон алқабының өте ауқатты отбасыларының балалары ғана оқиды, өйткені оқу құны жылына 22 000 долларды құрайды.

446
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *