СДУ: Студенттермен аудио, видео материалдар дайындау

Бүгін СДУға арнайы шақырумен екінші рет келіп отырмын. Түске дейін және түстен кейін екінші курс студенттерімен жұмыс істеймін.

Өткен аптамен салыстырғанда таңертеңгі топ толық келді десе де болады: 15 студент, өткенде 8  студент болған.

Өкініштісі студенттер үй тапсырмасын орындамайды екен. Бірақ тапсырманы орындамаса алға жылжу болмайтынын ескертіп, уақыттың біраз бөлігін үй тапсрымасын орындауға жұмсадық.

Сонан кейін видео түсірдік.

Естеріңізге сала кетейін өткен сабақта орындалған тапсырманың бірі «Жармақ» романы туралы өз ойларымен бөлісу еді. Сол тапсырманың орындалу барысын мына сілтемеден көре аласыздар: http://kitap.kz/oitalqi

Ал енді назарларыңызға студенттердің кітап туралы айтқан пікірлерін ұсынамыз.

Осы күннен естелік ретінде мына суретті де қабыл алыңыздар.

IMG_1052

құрметпен,

Бақытгүл Орынбасарқызы

31.03.2015

187
Share

от bilimpaz

2 комментария к «СДУ: Студенттермен аудио, видео материалдар дайындау»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *