Сенека

Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордоба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – рим философы, мемлекет қайраткері, жазушы, ақын, стоицизм философиясының көрнекті өкілі. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен.

Бүгіннің өзінде, яғни Сенека өмір сүрген кезеңнен екі мың жылдан аса уақыт өтсе де, Сенеканың шығармалары әлемнің көптеген елдерінде әлі де оқылып, ойлары талқыланып, өмірлік бағыт көрсететін сипатқа ие, өз күшін, өз әсерін жойған жоқ. Мыңдаған адамдар оны оқып, оның ойларымен келіседі және оның даналығын өмірлерінде қолданады. Оның мәтіндері оның ойлау деңгейінің, өмірлік тәжірибесінің тікелей көрінісі.

Шығармалары

  • 40 н.э. — «Марцииді жұбату»
  • 41 н.э. — «Ашу туралы»
  • 42 н.э. — «Гельвииді жұбату»
  • 44 н.э. — «Полибииді жұбату»
  • 49 н.э. — «Өмір жалған (Өмірдің қысқалығы туралы)»
  • 62 н.э. — «О досуге»
  • 63 н.э. — «Жан тыныштығы туралы»
  • 64 н.э. — «Көрегендік туралы»
  • 65 н.э. — «Данышпанның қайсарлығы туралы»
  • 65 н.э. — «Бақытты өмір туралы»

Сенеканың нақыл сөздері:

Есте iзгi iстерге қарағанда, ренiш ұзақ сақталады.

Ұсақ қателiктерден iрi кемшiлiктерге өту қиын емес.

Ұлы iстерге талаптанып, жолы болмағандардың өзiн құрметтей бiл.

Егер әрi қарай өсу болмаса, батар күн де алыс емес.

Жек көрушiлiктен қатты қорқатын адам, басқара да алмайды.

Нашар өнiм алғаннан кейiн де егін егу керек.

Кеме қай жағаға баратынын бiлмесе, жел де оңынан тұрмайды.

Маған, белгiлi бiр мағынада, құл емес адамды көрсетшi.

Ғасыр жасасаң да, ғасыр бойы қалай өмір сүру керектігін үйрен.

Біреуге бірдеңе айтпастан бұрын, оны әуелі өзіңе айтып ал.

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.

Маскүнемдік — өз еркіңмен ақылдан алжасу.

Әлі де болса белгісіз бірдеңелер қалып тұрғанда ұдайы оқып..

Егер дұрыс пайдалана білсеңіз, өмір – ол айтарлықтай ұзаққа..

Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес…

Жазылудың ең негізгі шартының бірі – жазылуға деген құлшыныс.

Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап..

Өзін басқара алмайтын адам – құл.

Жастықтың қалай өтіп жатқанын ешкім де аңғармайды.

Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді

Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді…

Ерлік дегеніміз — үрейді жирене жек көру.

Достық сенімсіздік басталған жерде бітеді.

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Бәрінен күшті адам — өзіне-өзі ие болатын адам.

811
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *