«Табысқа жету екі ережеге байланысты»

Дэн Вальдшмидт: «Кәсіпкер ретінде табысқа жету екі ережеге байланысты»

Міне осы ережелер.

Бизнесте көптеген ережелер бар. Адамдар табысты болу үшін не істеу керектігі туралы сөйлескенді ұнатады. Әйгілі кәсіпкер және маркетолог Дэн Вальдшмидттің айтуынша, бизнесті дұрыс жүргізу өте қиын болғанымен, табысқа кепілдік беретін екі ғана ереже – дәлірек айтсақ, екі философиялық идея бар.

Не сататыныңыз маңызды емес.

Не істеуді жоспарлағаныңыз маңызды емес.

Қай жерде және қай салада жұмыс істейтініңіз маңызды емес.

Нағыз табыс тек екі ережемен анықталады.

1. Сізбен жұмыс істеу өте оңай болуы керек

Эксклюзивтіктен гөрі барлық жерде бар болу маңызды. Ал көмек көрсету қабілетіңіз – өзіңізге назар аудартудың және сіз туралы жұртты ойлатудың ең жақсы жолы.

Қолданбаға негізделген бүгінгі сатылым экономикасында, ықтимал тұтынушыларды сіздің технологияңыз оларды бағалап және сізге олармен айналысуға тұрарлық екенін айту мақсатымен сауалнаманы толтыруға, есеп беру нәтижесін жүктеп алуы немесе сайтыңызға ондаған рет кіруі қажет ететін ақпарат жинау “шұңғымасына” апару оңай.

Бірақ егер сіз осылай әрекет етсеңіз, онда сіз жаңа клиенттердердің келмеуіне таң қалмауыңыз керек. Бұл жай ғана сіздің жеткілікті икемділігіңіздің жоқ екенін және адамдардың тұратын жерінде оларды кездестіруге дайын еместігіңізді көрсетеді.

Сізбен қарым-қатынас жасағанда ешкім өзін ақымақ сезінгісі келмейді. Ешкім сізге өз ақшасын беруге күш салғысы келмейді.

Адамдар сізден білгілі бір көмекті, қолдау көрсетуді, дұрыс жолды меңзеуді қалайды. Ал сізбен жұмыс істеу қиын болған кезде, олардың бұрыннан келе жатқан жабырқау көңіл-күйі мен абыржулары арта түседі.

Сондықтан сайтыңыздың түбіне байланыс ақпаратын жасыруды доғарыңыз. Адамдар сіздің қызметіңізге немесе өніміңізге риза болмаса, олардан бас тартуды керемет жеңілдетіңіз. Әр түрлі күрделі және түсініксіз келісім-шарттардан бас тартыңыз.

Ықтимал тұтынушылар сізді таба алатын барлық жерде болыңыз. Ол жерде адамдарды коммерциялық ұсыныстармен және ыңғайсыз маркетингпен шабуылдаудың орнына күлімсіреп тұрып, қол ұшын беріңіз.

2. Адамдар қайтып оралғысы келетіндей соншалықты жақсы болуыңыз керек.

Клиенттеріңіздің таңдандыру мен қуанышын тудыру сіздің идея фиксыңыз болуы керек.

Өз салаңызда сізге ұнамайтын барлық нәрселер туралы және олардың қайсысын, тіпті майда-шүйде болса да, түзете алатыныңызды ойланыңыз.

Күйзеліп, уайымдасаңыз да адамдарға күлімдеп қызмет етіңіз. Сізде барлық уәделеріңізді орындау жоспары болуы керек .

Өнімділікті арттыруға арналған қарапайым бағдарламалық жасақтама, тіпті жай органайзер де жұмыс кестесіне сай болып, басқаларға қарағанда жүйелі түрде жақсы жұмыс істеуге көмектеседі.

Айтқаныңызды дәл орындауда ешқандай данышпандық жоқ. Ал сіздің клиентіңіз үшін бұл түбегейлі айырмашылық.

Бұл сіздің бизнесіңіздің өсуіне зор әсерін тигізеді. Тұтынушыларыңыз сізге сенгісі келеді. Сіз оларға бір рет дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, олар сізге тағы бір мүмкіндік бергісі келеді.

Бар болғаны тырысу және тағы да тырысу керек. Бірдеңе дұрыс емес болғанда кешірім сұраңыз. Сосын оны қайтадан дұрыс жасауға тырысыңыз.

Сонымен, сіздің бизнесіңізді керемет ететін екі ғана ереже бар.

Ешқандай сатуды автоматтандыру, ешқандай маркетингтік амалдарды осы ережелерді сақтау арқылы алатын әсермен салыстыруға болмайды.

Керемет өнім кездейсоқ емес. Дүниені абайсызда өзгерту мүмкін емес.

Мұны істеу үшін сіз ұсақ-түйектерге назар аударуыңыз керек. Ол үшін арнайы ережелерді ұстану керек.

Ал сіз енді бұл ережелермен таныссыз.

Алға!

558
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *