Тараз: 3 күн

Семинарға қатысушылардан сіздерге жалынды сәлем!

1

 

Slideshare-мен жұмыс.

Қатысушылардың бөліскен презентациясы:

Істелген жұмыстың бәрін тізбелеп жатудың қажеті жоқ болар, бірақ мына ресурс туралы айта кетейін: http://www.studystack.com/
Осы сайтқа кіріп басқа адамдардың жасаған тапсырмаларын қолдана аласыздар, сонымен бірге өздеріңіздің де тапсырмаларыңызда жасай аласыздар. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен тіркелесіз, сонан соң «Create new stack» деген батырманы басасыз, берілген формаларды толтырасыз, ең бастысы жасаған тапсырмаңызды «Kazakh» деген папкада сақтауды ұмытпаңыз (әрине тақырыбы сәйкес келетін басқа да папкаларда сақтауға болады, бірақ осы сайтта жұмыс ісеп көріп жатқан барлық мұғалімдер жасаған ойындарын осында сақтап жатыр, сонда қазақша жасалған барлық тапсырма бір жерде жиналып тұрады).

Жасаған тапсырмаларыңызды әртүрлі формада көре алатындарыңызды тағы да еске салып қояйын. Ал енді бір-екі мысалды тамашалай отырыңыздар:

372
Share

От bilimpaz