Термометрсіз қызуды өлшеудің 5 оңай әдісі

Маңдайдың ыстық болуы  дене қызуының көтерілгенінің жалғыз белгісі емес.

Құралдарсыз, әсіресе термометрсіз  дене температурасын дәл өлшеу мүмкін емес екені бәрімізге түсінікті. Бірақ кейде тұрмыстық термометрлер де қателеседі. Дегенмен, әдетте, жоғары дәлдік те қажет емес. Қызудың қатты көтерілуі (қалтырау)  (температура 38° C-тан жоғары) бар-жоғын анықтау жеткілікті. Оны анықтау – әртүрлі ауруларды диагностикалаудағы негізгі белгілердің бірі.

Термометрсіз температураны қалай өлшеуге болады?

Негізгі бес жол бар. Бөлек алып қарасақ, бұл әдістер тіпті де сенімді емес, бірақ олар термометр жоқ кезде, көмектесе алады.

1. Маңдайды ұстаңыз

Қызу көтерілген  кезде маңдай да ысып кетеді. Қателеспеу үшін келесі ережелерді сақтаңыз:

  • Өзіңіздің қызуыңыз бар-жоғын тексермеңіз. Өйткені сіздің қолыңыз да ыстық болуы мүмкін, сондықтан сіз жылуды сезбейсіз. Басқа адам тексеріп көрсе болады.
  • Қолыңыздың сырт жағын пайдаланыңыз. Онда терінің сезімталдығы жоғарырақ.
  • Тексерер алдында бөлменің тым ыстық немесе тым суық емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер қолыңыз тоңып тұрса, онда маңдай өте жылы бп көрінуі мүмкін. Ал керісінше қолыңыз ыстық болса, ондай маңдайдың ыстығын да байқамай қалуға  болады.

2. Кеуде немесе арқаға қолыңызды қойыңыз

Бұл жерде де жоғарыдағы ережені, яғни қолыңыздың сырт жағын пайдалануды ұмытпаңыз. Егер кеуде немесе арқа қызып тұрса, адамның қызуы көтерілген болуы мүмкін.

3. Бетіне қараңыз

Қызарған бет — дәрігерлер ескеретін тағы бір сенімді белгінің бірі.

Есіңізде болсын, адам сабырлы болғанда ғана,  бет терісінің қызарған не қызармағанын бағалау керек. Белсенді қозғалыс немесе спортпен айналысқаннан кейін де адамның беті қызаруы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

4. Тамыр соғысын өлшеңіз

Ересектердің қалыпты жүрек соғу жиілігі минутына 60-100 соққы. Бұл 10 жастан асқан балаларға да қатысты. Мектеп жасына дейінгі балаларда қалыпты тамыр соғысы 120-дан аспайды, бір жастан екі жасқа дейінгі балаларда — 130, ал бір жасқа дейінгі нәрестелерде — 160.

Зерттеулер көрсеткендей, дене қызуы көтерілген кезде жүрек соғуы жиілейді. Нормадан жоғары әрбір 8-10 жүрек соғысы дене температурасы бір градусқа көтерілген деп күдіктенуге мүмкіндік береді.

5. Өзіңізді қалай сезінетініңізді талдаңыз

Температураның жоғарылауы әдетте басқа да белгілермен бірге жүреді. Бұл қосымша белгілер неғұрлым көп болса, соғұрлым  қызудың көтерілуі болуы мүмкін.

Ысу, қызу. Көбінесе адамға ол «жанып тұрғандай» көрінеді.

Қалтырау. Ішкі ыстыққа қарамастан, ыстығы бар адамдар суық сезіп дірілдеуі мүмкін. Бөлмедегі ауа температурасы қалыпты немесе тіпті жоғары болса да, олар суық деп айтуы мүмкаін.

Әлсіздік. Бұл ұйқышыл болу немесе қатты шаршау арқылы да көрінуі мүмкін.

Қатты терлеу. Температурасы бар адамның терісі жиі ылғал, ұстағанда жабысқақ сияқты сезіледі.

Өзін нашар сезіну. Адамдар әрқашан оларды не алаңдатып жатқанын дәл айта алмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде жағымсыз сезімдер болады.

Жүрек айну. Кейде күшті, кейде айтарлықтай күшті  емес сезіледі.

Бас ауруы. Қызу көтерілуінің  тағы бір жиі кездесетін симптомы.

Шұғыл көмекке қашан жүгіну керек?

Қызудың көтерілуі шынымен қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін. Егер сізде қызу бар деп ойласаңыз және келесі белгілер болса, онда дереу дәрігерге хабарласыңыз:

мойынның қаттылығы, адам басын бұра алмайды немесе еңкейте алмайды;

есі кіресілі, шығасылы;

эмоциясының күрт өзгеруі, мысалы, көп алаңдау немесе абыржу;

денеде тез  таралатын кез келген бөртпе;

фотофобия, яғни жарыққа қараған кезде көздің ауыруы;

ылғалсыздану — бұл зәрдің түсі қарақошқылданады, көзүңірейіп қалады, жылаған кезде көз жасының болмауы не аз болуы;

дененің құрысуы.

Сондай-ақ, егер сіздің қызуыңызды парацетамол немесе ибупрофен негізіндегі ыстық түсіретін дәрілермен төмендетуге мүмкін болмаса немесе ол бес күннен артық сақталса, дәрігермен кеңесу керек.

429
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *