Тіл үйренуге арналған видеолар әртүрлі болып келеді. Оның мазмұны курсты жасаушылардың мақсатына, кімге арнағанына, қандай материалдарды қамтығысы келгендеріне т.с.с. мәселелерге байланысты.

Сіз тіл үйренетін видеоны іздегенде қандай талаптар қоясыз?

Мен үшін ең маңыздысы дыбысының сапасының жақсы болуы, сөйлеушінің көңіл-күйінің көрініп тұруы, сюжеттің жақсы ойластырылуы т.с.с.

Қазір француз тілін үйреніп жүргендіктен интернет француз тіліне байланысты түрлі материалдарды іздеймін. Маған тыңдайтын диалогтар керек, ең бірінші құлағымды француз тілін қабылдауға үйреткім келеді. Осындай іздеулер барысында басқа да әдемі жасалған материалдарға кездесіп қаламын. Оларды тыңдап, көріп, ұмытып қалмау үшін ұнағандарын белгілеп қойғым келеді. Сондықтан осы жазбаны бастап отырмын. Бұл жерде француз тілін үйренуге арналған (менің ойымша) өте жақсы түсірілген видеоларды салып отырмын.

Бұны істеуімнің тағы бір мақсаты, қазақ тілін үйрететін курстар, видео сабақтар жасаушылар осындай тәжірибенің бар екеніне көңіл бөліп, осы видеолар арқылы ойларына басқа идеялар келіп, мүмкін кейбір элементтерін қолданып пайдалы бір сабақтар жасауға түрткі бола ма деген ой.

Сонымен, француз тілінен балаларға арналған видеодан бастайық.

Балаларға арналған ертегілер. Әрине тілді меңгеру деңгейіңіз жоғары болуы керек екені сөзсіз. Дегенмен француз тіліне құлағыңызды үйретемін десеңіз, 10-20 рет қайталап тыңдағаннан кейін біраз нәрсе түсінікті болады және сөздерді, тіркестерді, тіпті сөйлемдерді қалай қайталай бастағаныңызды аңғармай қаласыз.

Бұл видео тілді үйренуді енді бастағандарға арналған. Француз тілінде жиі қолданылатын фразалар мен сөйлемдерді қайталап айту арқылы еске сақтаңыз. Видеода түсіндірмелер ағылшын тілінде жүргізіледі, ал үйренетін фразалар мен сөйлемдерді француз тілінде тыңдап, оқи аласыз. Маған әсіресе сөйлеушілердің эмоциялары ұнады. Сонымен қатар ағылшын тілін білетіндерге (немесе үйреніп жүргендерге) қосымша көмек, ағылшын тілін де еске түсіріп біраз жаттығасыз.

http://www.youtube.com/watch?v=demQxfeFI-E

816
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Тіл үйренуге арналған видеолар”
  1. САЛАМАТСЫНДАРМА АГЫЛШЫН УИРЕНГИМ КЕЛЕДИ МЕН 4 СЫНЫП ОКИМЫН МЕНИН МУГАЛИМИМ АГЫЛШЫН МЕН СУИЫКТЫ КАЛАМ ДИ ЕКИГЕ БОЛДИ МЕНИН АГЫЛШЫН ТИЛИН БИЛГИМ КЕЛЕДИ ЕРТЕН 5 КЛАССТА КИЫН БОЛАДИ ДЕП КОРКАМ КОМЕКТЕСИНДЕРШИ ОТИНЕМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *