«Тіл үйренуге көмектесетін фильмдер» дегенде бірден ойыңызға қай фильм түседі?

Жаңа ғана «Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін сериалдар» деген жазба оқып ойланып қалдым. Осы бізде қазақ тілін үйрету барысында ұстаздар қай фильмдерді көбірек ұсынады екен? Бұл жерде мәселе түсінсе де, түсінбесе де көркем фильмді көрсету емес, тақырыпқа сәйкес фильмнің бір бөлігін алып, оған түрлі тапсрымаларды дайындап, соның нәтижесінде тіл үйренушінің тілдік білімін кеңейту, сөйлеуге жаттықтыру, өз ойын айтуға, дәлелдер келтіруге, осының нәтижесінде кейін фильмді толығымен көріп шығуға ынталандыру.

Өз тәжірибемде, мектеп оқушыларына біз көбінесе сыныбына және деңгейлеріне қарай «Менің атым Қожа», «Көксерек» т.с.с. фильмдерді көрсететінбіз. Бастауыш сыныптарға мультфильмдерді таңдап, соларға арналған тапсырмалар жасап қолданатынбыз.

Балалардың сүйікті мультфильдері:

«Алдар Көсе мен шайтандар»

http://www.youtube.com/watch?v=jrb_0dE92xI

«Қошқар мен теке» мультфильмі:

http://www.youtube.com/watch?v=C3bJClByIxA

724
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *