Бүгіннен бастап тіл үйренушілерге арналған кеңестерді жүйелі түрде жариялап тұрамын (деп сөз беремін 🙂 ).  Күнде жазып тұратын болсам, біраз уақыт өткеннен кейін біршамасы жинақталып қалар. Сол кезде барынша жүйелеп көрермін.

Ал, бастайық!

Бір жерде оқығаным бар: тіл үйренуді екі жолмен бастауға болады: сөйлесу арқылы және кітап (мәтін, т.с.с.) оқу арқылы. Біріншісі еске сақтау, тыңдай алу қабілеті жақсы, еліктей алатын, ұқсатып дыбыстауға тырысатын  адамдарға жарауы мүмкін. Екіншісі логикалық еске сақтауы дамыған, ойлау, анализ жасау, салыстыруды жақтайтын адамдарға ұнауы мүмкін.

Бірақ қайсысынан бастасаңыз да, кейінірек сөйлеу әрекетінің барлық түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім)  меңгеруіңіз керек болады.

 

 

 

197
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *