Уикипедия ашық энциклопедиясында мақала жазу,  өңдеу, толықтыру бағытында дәстүрлі жүргізіп келе жатқан семинар-тренингтеріміз Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасын тауып отыр. Бүгін және ертең (3-4 мамыр 2013) оқушылармен Уикипедия ашық энциклопедиясында мақала жазу,  өңдеу, толықтыру,  уикипедияның туыстас жобаларымен жұмыс істеу мен TED және TEDх конференциясы туралы, ең көп қаралған, талқыланған, тыңдаушыларға әсер еткен виделар туралы пікірлесеміз.

Уикипедияда жазған мақалалаларымызды жинақтап көрейік:

  1. Ақжелкен (повесть)
  2. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  3. Батыр Баян (поэма)
  4. Қоянды жәрмеңкесі
  5. Саятшы Ораз
  6. ИТИС
  7. Рианна
  8. т.с.с.

Ал мынау бүгінгі күннің көріністері:

Жазылған, өңделген мақалаларды жинақтан Уикипедияның «Кітап жасау» мүмкіндігін де пайдаланып көрдік.

219
Share

от bilimpaz

15 комментариев к «Уикипедия ашық энциклопедиясында мақала жазу, өңдеу, толықтыру»
  1. Маған бүгінгі тренинг өте ұнады. Себебі, мен өте көп пайдалы мағұлмат үйрендім. Келешекте мен көптеген мақалалар жасауыма күмәнім жоқ. РАХМЕТ!!!

  2. 3.05.2013ж
    Маған бүгінгі Уикипедия ұнады.Көп нәрсе үйрендім.Мысалға:мақала жазу, оны қалай Уикипедия сайтына жүктеу.Өте қызықты және де алдағы уақытта мен осы Уикипедияға кіріп мақалалар жазып қалдырамын.

  3. Бүгінгі тренинг маған қатты ұнады. Бұрын білмеген заттарды үйрендім. Осындай жұмыстарды бос уақытымда жасауға тырысамын. Басқаларға да үйретермін. Сізге үлкен рахмет 🙂

  4. Өте қызықты болды, болашаққа өзімізге керек көп дүние үйрендік. Басқаларға көмек болып, үлес қостым деген ойдамын. Мен Батыр Баян поэмасының мазмұнын жаздым, ұнайды деп ойлаймын.

  5. Маған бүгінгі күн қатты ұнады. Бүгін көп нәрсе үйрендім. Осы жобаның ары қарай гүлденетініне сенімдімін.

  6. Ең қызықты күн болған деп ойлаймын. Бәрі өте түсүндірмелі болды. Мен Батыр Баян туралы мақала жаздым және сөздерді тауып аудардым!!!!

  7. Бұл күн өте тамаша, көңілді, қызықты өтті. Уикипедиямен жүмыс үйреніп, мақалалар жаздық. Фотолар өте жақсы болып шықты. Бақытгүл мүғалімге РАХМЕТ!

  8. Маған бүгінгі сабақ өте қатты ұнады!Менің ойымша семинар-тренингіміз жоғарғы дәрежеде өтті!Бұл сабақтан мен көп нәрсе жазуды үйрендім!Бігінгі сабаққа РАХМЕТ!Осындай сабақтар жиі-жиі болып тұрса!♦

  9. Маған бүгінгі сабақ ұнады, себебі біз мақала жазудың қыр-сырын үйрендім. мен өзім екі мақала жаздым және де бұл мақалалар біреуге керек болады деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *