«Файлдарды сақтау және бірігіп қолдануға арналған 15 ақысыз құрал» мақаласы ағылшын тілінде басылған. Соны қолданып сіздерге ұсынып отырмын.
Біраз адамдар біліп, қолданып жүргендері сөзсіз. Дегенмен өздеріңізге пайдалы және қызықты ақпарат та болып қалар.
Сонымен келесі ақысыз құралдарды атап өтейік:
Google Documents Қазіргі кезде Google Drive деп аталады. Өзім жиі қолданатын құрал: құжат, презентация, сауалнама, тест құрастыруға таптырмас мүмкіндік. Сонымен бірге сіз Google Drive-ті тек қана құжат сақтау, бөлісу және бірлесіп өңдеу мақсатында да қолдана аласыз.
Мен жиі қолданатын құралдың бірі Dropbox. Сіз файлдарыңызды жинап қоюыңызға, сақтауыңызға және басқалармен бөлісуіңізге де болады. Мысалы, ол менің телефонымда орнатылған. Телефон арқылы сурет түсіргенде, суреттер автоматты түрде компьютерімдегі дропбокс қорына қосылып отырады.
DROPitTOme деген ақысыз қызмет Dropbox пен жұмыс істейді. Басқа адамдар сіздің дропбоксіңізге файлдар жүктей алады, бірақ сіздің аккаунтыңыздың мазмұнын көре алмайды.
File Dropper — файлдармен бөлісу құралы. Көлемі 5GB-дан жоғары файлдарды жібере аласыз.
Одан да басқа құралдар:
|
|
|
Мақала ушiн рахмет. Мен Ubuntu One деген құралды қолданамын. Ubuntu OS қолданатындар ушiн өте ыңғайлы.
Рақмет. Маған OS-тер туралы жазылған шолуларды да оқу керек екен.
Dropbox-ты қолданып көріп едім, бірақ одан соң Яндекс Дискіге ауыстым. Қазір Google дискісін да қолданып жүрмін.
Мақала үшін көп рақмет!
Сізге де рақмет. Ал мен болсам Google дискісі мен Dropbox-ты көп қолданамын. Өте ыңғайлы.