«Файлдарды сақтау және бірігіп қолдануға арналған 15 ақысыз құрал» мақаласы ағылшын тілінде басылған. Соны қолданып сіздерге ұсынып отырмын.

Біраз адамдар біліп, қолданып жүргендері сөзсіз. Дегенмен өздеріңізге пайдалы және қызықты ақпарат та болып қалар.

Сонымен келесі ақысыз құралдарды атап өтейік:

 

Google Documents Қазіргі кезде  Google Drive деп аталады. Өзім жиі қолданатын құрал: құжат, презентация, сауалнама, тест құрастыруға таптырмас мүмкіндік. Сонымен бірге сіз Google Drive-ті тек қана құжат сақтау, бөлісу және бірлесіп өңдеу мақсатында да қолдана аласыз.

Мен жиі қолданатын құралдың бірі  Dropbox. Сіз файлдарыңызды жинап қоюыңызға, сақтауыңызға және басқалармен бөлісуіңізге де болады. Мысалы, ол менің телефонымда орнатылған. Телефон арқылы сурет түсіргенде, суреттер автоматты түрде компьютерімдегі дропбокс қорына қосылып отырады.

DROPitTOme деген ақысыз қызмет   Dropbox пен жұмыс істейді. Басқа адамдар сіздің дропбоксіңізге файлдар жүктей алады, бірақ сіздің аккаунтыңыздың мазмұнын көре алмайды. 

File Dropper — файлдармен бөлісу құралы.  Көлемі 5GB-дан жоғары файлдарды жібере аласыз.

Одан да басқа құралдар:

 File Stork

 

Uploader Box

 Go Pileus

 

Minus (Min.us)

 

Let’s Crate

 

Bay Files

 

Drop Canvas

 

Dropmark

 

Sugar Sync

 

Forget Box

 

Just Beam It

 
     

 

 

 

224
Share

от bilimpaz

4 комментария к «Файлдарды сақтау және бірігіп қолдануға арналған 15 ақысыз құрал»
  1. Мақала ушiн рахмет. Мен Ubuntu One деген құралды қолданамын. Ubuntu OS қолданатындар ушiн өте ыңғайлы.

  2. Dropbox-ты қолданып көріп едім, бірақ одан соң Яндекс Дискіге ауыстым. Қазір Google дискісін да қолданып жүрмін.
    Мақала үшін көп рақмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *