Халықаралық аспаз күні

Әлемнің аспаздары мен кулинарлары жыл сайын 20 қазанда өз кәсіби мерекесі – Аспаз күнін атап өтеді.

Бұл атаулы күн 2004 жылы Кулинар қауымдастықтарының әлемдік ассоциациясының ұсынысымен бекітілді. Айта кетейік, бұл ұйымның 8 миллион мүшесі бар

Халықаралық аспаз күні (International Chefs Day) 70тен аса елде  тойланады.  Оған кішкентай асханадан бастап үлкен, танымал мейрамханаларға дейін қатысады. Түрлі байқаулар ұйымдастырылып, ерекше дайындалған тағамдардан дәм тату мүмкіндіктері бар. Аспаздар балаларға арналған оқу орындарына барып дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы айтады. Балалар аспаз мамандығы туралы түрлі ақпарат біліп, тамақ жасау бойынша түрлі сабақтар, мастеркластар көрсетеді.

Аспаз мамандығы – ежелден келе жатқан сұранысқа ие мамандық. Қағазға жазылған алғашқы ас мәзірлері Вавилонда, Ежелгі Египтте, Ежелгі Қытайда, шығыс елдерінде табылған. Бізге дейән жеткен кейбір жазбалардағы тамақтарды қазір де дайындай аласыздар.

783
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *