Халықаралық жазушылар күні 3 наурызда тойланады.
Бұл мейрамның тарихына үңілсек: 1921 жылы ПЕН (PEN) клуб құрылады, бұл ағылшын тіліндегі poets, essayists және novelists деген үш сөздің бірінші әріптерінен қысқартылып алынады. Сонымен қатар бұл сөз ағылшын тіліндегі «қалам» (pen) сөзіне сәйкес келеді.
1923 жылы Лондонда ПЕН клубтың бірінші халықаралық конгресі өтеді.
1986 жылдың 12-18 қаңтарында 48 конгрессі өтіп жатқан кезде қатысушылар 3 наурызды халықаралық жазушылар күні етіп белгілеуді ұсынады. Сол кезде ПЕН клубтар жүзден аса мемлекетте жұмыс істеп жатқан еді.
3 наурыз — Халықаралық жазушылар күні құтты болсын.
1146