Харизма мен нарциссизм

Харизма мен нарциссизм байланысты ма?

Харизма — бұл адамның ерекше деп танылған қасиеті, оның арқасында жеке тұлға табиғат күштерінен, адам күштерінен асатын немесе жай ерекше күштер мен басқа адамдарға қол жетімді емес қасиеттерге ие деп бағаланады (Макс Вебердің анықтамасы).

Харизма әдетте жеке тартымдылықпен, адамның көп күш жұмсамай-ақ басқалардың ықыласына ие болу қабілетімен байланысты. Көптеген зерттеулер харизмасы бар адамдар өздерінің ізбасарларының сеніміне, адалдығына ие және оларды жақсы нәтижелер көрсетуге шабыттандыратынын көрсетеді.

Харизма туа біткен дарын деп есептелсе де, өз бойыңыздағы осы құнды қасиетті дамытудың бірнеше жолы бар.

Мысалы, менеджмент бойынша сарапшы, жаттықтырушы, Leadership Freak блогының авторы Дэн Роквелл бұл үшін батыл әрекет етіп, біреуге ұнауға тырыспай, өз жеңісіңізге сенуге кеңес береді. Inc. баспасының авторы Джефф Хэйден харизматикалық тұлғалардың 10 маңызды қасиетін анықтап, оларды өз бойыңызда дамытуға тырысуға болады дейді. Оның айтуынша, харизмаңызды арттыру үшін көп сөйлеудің орнына көбірек тыңдау керек, өз маңыздылығыңызды көрсетпей, дұрыс сөздерді таңдау және басқа адамдардың сәтсіздіктерін талқыламау керек.

Харизма табысты көшбасшының ең маңызды қасиеттерінің бірі, бірақ Гент университетінің зерттеуі оның белгілі бір деңгейге дейін ғана пайдалы екенін, ал шекті мәннен асып кеткенде зиянды болатынын көрсетті.

Зерттеуге сәйкес, харизмасы төмен көшбасшылар стратегияда әлсіз болса, бірақ тактика құруда өздерін емін-еркін сезінеді екен. Харизмасы жоғары көшбасшылар стратегияны жақсы біледі, бірақ тактика мен істің егжей-тегжейін қарастырғанда әлсіздігін көрсеткен. Орташа харизмасы бар көшбасшылар, керісінше, жұмыстың стратегиялық және тактикалық аспектілерінде дағдылардың оңтайлы үйлесімін көрсетуге бейім болған.

Басқа зерттеулерде кейде харизманың артында нарциссизм жасырылуы мүмкін екендігі көрсетіледі. «Харизмасы бар барлық адам нарцисс емес, бірақ көптеген нарцисстердің харизмасы бар. Олардың харизмасы неғұрлым жоғары болса, оларды ажырату үшін соғұрлым ұзақ уақыт қажет», — деп жазады Томас Чаморро-Премузиц, Лондон университет колледжінің профессоры, қызметкерлердің профилін жасау және психометрия боынша маманы.

374
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *