Андрей Курпатов өз сөзінде цифрлық аутизм, цифрлық замандағы адамның өзгеруі  туралы ойларымен бөлісті.

Сбербанк басшысы Герман Греф  Давостағы Халықаралық экономикалық форум аясындағы банктің дәстүрлі таңғы асына психотерапевт Андрей Курпатовты шақырған.  Андрей Курпатов  Сбербанк жасақтаған Нейроғылым мен адамның мінез-құлқы лабораториясын басқарады. Андрей Курпатов өз сөзінде цифрлық замандағы адамның өзгеруі  туралы ойларымен бөлісті.

Андрей Курпатовтың айтуынша Гутенберг галактикасынан  Цукерберг галактикасына өтіп кеттік. Адамға екі түрлі мақсат-міндет қойса, мысалы, біреуі оңай, ал екіншісі қиын, сіз әркез оңайын таңдап аласыз. Бұл біздің миымыздың үнемдеу мүмкіндігімен байланысты. Миымыз өте көп энергияны пайдаланғандықтан, экономикалық принцип көбінесе оңайлау , қарапайымдау міндеттерді таңдауды талап етеді.  Қазіргі кезде медиаиндустрия мазмұнды (контентті) мүмкіндігінше қарапайым жасау бағытында бір-бірімен жарысып жатыр. Біз арзанқол, қарапайым, примитивті контенттің ұлғаюын бақылап отырмыз, оған қоса трансформация жүріп жатыр: Гутенберг галактикасынан  Цукерберг галактикасына көшіп жатырмыз. Мәтін (текст), жүйелі ойлау цивилизациясынан не жүйелі, не аналитикалық ойлауы жоқ көру (немесе бейне) образына негізделген цивилизацияға өтіп жатырмыз.

Контенті қабылдау үшін басыңыз (миыңыз) қажет болмай қалды. Сіз әрдайым контентті  тұтына берсеңіз, мидың ойлауға жауап беретін бөлігіне энергия бармай қалады. Сіздің миыңыз ұйқыға кетеді. Сондықтан туиттер мен инстаграмда ғана отыратын адамдар шаблондармен, стереотиптермен ойлайтынына және дамымайтынына таң қалмаңыз.  Бұл жерде ересектер туралы айтып отырмын. Балаларымыз туралы сөйлесіп көрейікші.  АҚШ пен Ресейдегі балалардың 40 % ақпаратты үздіксіз қабылдай береді. «Касперский Лабораториясына» сенсек, бұл бағытта еуропаның ата-аналары салыстырмалы түрде саналы деуге болады. Бірақ балалардың жасы 14-18 қарай  жағдай барлық жақта бірдей, яғни әлемнің жасөспірімдері уақытының 60-70% онлайн өткізеді. Бұл дегеніміз олардың  ойлау қабілеті қалыптаспайды немесе ұйқыға кеткен деген сөз.

Андрей Курпатов цифрлық аутизм эпидемиясы туралы айтады. 1997 жылы адамдардың бетпе бет сөйлесуге жұмсаған  уақыты мен экран алдында өткізген уақыты теңескен еді. 2007жылы iPhone пайда болған кезде адамның экранмен өткізетін уақыты 8 сағаттан аса болса , ал бетпе бет сөйлесу уақыты 2 сағаттан аз болған. Осының нәтижесінде бізді цифрлық аутизм эпидемиясы жайлады десе болады. Цифрлық аутизм дегеніміз – жас адамдар бір-бірімен ұзақ уақыттық психологиялық байланыс орната алмайды, олар басқа адамның ішкі жан дүниесімен қызықпайды, басқа адамдарда ауыстыру жеңіл болғандықтан, әр адамның жеке құндылық екенін көрмейді. Тіпті бір-біріне ғашық болған қыз бен жігіт те кездесу кезінде бір-бірімен сөйлесудің орнына, телефондарымен уақыт өткізуді таңдайтынын көресіз.  Сіздер бұл жаңа цивилизация, жаңа әлем және біз оған көндігуіміз, үйренуіміз керек дейтін боларсыздар. Бірақ бір зерттеуде, егер сіз телефоныңызда 2,5-3 сағаттан көп уақыт отырсаңыз, сіздің депрессиялық ойлауыңыз пен сиуцидке бейімділігіңіздің көрсеткіші қатты көтерілетінін айтқан. Әлеуметтік желілер күйзелтеді және жаныңызға батады.  

Әлем тек қана байлар мен кедейлерге бөлінбейді, сонымен бірге  ақылдылар (есті, жетелі)  мен зердесіздер бар. Оған қоса әлеуметтік қарым-қатынастың құрылымында да өзгерістер болып жатқанын бақылауға болады. Басқарудың вертикалды жүйесінің  жойылып, горизонталды қоғамға өту биологиялық оқу дағдыларын жоғалтып, нашар оқи бастауымызға әкеледі.

Гедонизмді (көне грек ілімі, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты – өмірдің қызығына бату, ләззат алу) мақсат ету және болашақтың бейнесін көз алдымызға елестете алмаудың кесірінен,  адамдар өз сәтсіздіктеріне түсіністікпен қарай алмайды, оңай жеңіске жеткісі келеді, және бұл өз кезегінде  экономика, цивилизация және қоғамға жақсы қызмет етпейді.  Адамның ең негізгі проблемасы –  танымдық дағдыларының  жойыла бастауы.  2007 жылдың өзінде ғалымдар  медитация мен саналылық әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтқан болатын.  

Тағы қараңыз: Орысша

Дайындаған: Бақытгүл Салыхова

09.02.2020

1171
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *