Сөзді дұрыс қолдану өте маңызды екенін дәлелдеудің де қажеті жоқ.

Бірден тақырыптағы екі сөзге көшейін. Сіз осы сөздерді қай кезде қолданасыз? Арқасында мен кесірінен деген сөздердің мағынасын анық білесіз бе? Осы екі сөз туралы осы сайтта жазып, тіпті тест де жасап қойған едім. Соны бүгін қайтадан естеріңізге салайын деп отырмын. Оның себебі кеше «арқасында» шылауының орынды қолданбаған мысалын оқыдым. Өкінішке орай суретке түсіріп, сақтап қоймаппын.

Сонымен сөздерге жеке-жеке тоқталайық:

Кесірінен – үстеу. Мағынасы: біреудің тигізген зиянынан. Мысалы, Енді сенің кесіріңнен маған да туған жердің топырағы бұйырмас.
Арқасында – шылау. Мағынасы: бірнәрсе аpқылы немесе біреу арқылы, біреудің көмегімен нәтижеге қол жеткізу. Мысалы, Ағамның арқасында үй салып алдым.

Сіздердің назарларыңызға өзіңізді тексеруге арналған тез орындалатын тесті ұсынамын.
Өзіңізді тексеріп көріңіз. Сөздерді орынды және мағынасына сай қолданыңыздар.

Cіздің ұпайыңыз:  

Cіздің нәтижеңіз:  

766
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *