Шотландияға сапарым: 13-күн

Бүгін дүйсенбі, бірақ Глазгода демалыс күні, оқушылардың күзгі демалысының бір күні. Сондықтан менің кеңсем демалып жатыр, оларға қосылып мен де демалыстамын. Бұл күнді кішкене далаға шығып қыдырып және кітапханаға арнағым келді. Күн аздап бұлтты, Келвингров мұраджайының басқа жағынан жүріп өткім келген, сонымен бірге мүмкін Ғылым орталығына да барармын деідм. Жолда Хайхилл кітапханасының қасынан өттім, кітапхана жұмыс істеп тұр екен. Қайтар жолда соғармын деп жүре бердім. Келвингров саябағына жеткенде сіркіреп жаңбыр жауа бастады, ал менің қолшатырым жоқ, ары қарай барсам жаңбыр өткендегідей құйып кетер деп ойлап кері қайттым. Онан да кітапханаға барып, тыныш отырайын.

Глазго университетінің қасынан күнде өтемін, бүгін де сол әдетіме бастым. А, ұмытып барады екенмін ғой, Глазго университетіндегі Өнер мұражайында Макинтош көрмесін көрейін деп бұрылған болатынмын. Сөйтсе бұл мұражай дүйсенбі күні істемейді екен, ал жексенбі күні істейді. Алдында да университеттің Хунтариан мұражайына да барғанда барлық келушілерге есіктері ашық екенін көріп аздап таң қалған болатынмын.

Сонымен кітапханаға келе жатырмын, бұл тек қана кітапхана емес сонымен бірге оқу орталығы. Кітапхана Hillhead Library деп аталады.

Айта кетейін кітапханалар өте көп екен, олар бір сайтқа жинақталып қойылған. Мен Hillhead Library ға жазылғаныммен, осы карточкамен басқа да кітапханаларға бара аламын, ал Глазгодағы кітапханалар мыналар:

Бұлардың ішінен көргенім жоғарыда айтқан кітапханам, өткенде қыздарға қонаққа барғанда олардың үйіне қарама-қарсы жақта Partick Library тұрды, оған қоса Глазго университетінің кітапханасын көрдім.

китапхана

 

Глазго, Шотландия

дүйсенбі, 29.09.2014

132
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *