Шотландияға сапарым: 15-күн

Бүгін сәрсенбі. Күндегідей ерте тұрып, жуынып, тамағымды ішіп, интернетімді бір қарап, жұмысқа шықтым. Ұзақ жолмен жүрмейін деп шештім, содан үйлердің арасымен танымайтын, бұрын жүрмеген көшелермен, жүріп келемін, жүріп келемін, көшелер қысқа, сондықтан не оңға бұрылып, не солға бұрылып, басқа шағын көшеге түсуің керек. Білетін жолдан бекер бұрылыппын деп, біраз өкініп алдым да, сонда да қоймай жүре бердім. Бір кезде, міне қызық, Great western Road-тан бір шықтым. Алдымда Келвингрув саябағына кіретін есік, негізі осы саябаққа бірнеше жерден кіруге болады. Сонымен сол қысқарды, бүгін жарты сағатта жұмыста болдым.

Үйде интернетке кіргенде Арман Сүлейменовтың ФБда жазғанын оқыған болатынмын:

«Для тех, кто мыслит/чувствует/пишет и отчасти оценивает качество своего дня качеством своих мыслей/чувств в виде эссе

Очень трудно ожидать от себя способности создавать высокое качество каждый, без исключения, день. И тем не менее этот факт не должен останавливать вас от того, чтобы писать (хотя бы одно предложение) ежедневно. Если по ходу дня у вас не было новых значительных мыслей, не было бесед, где в результате взаимодействия могла бы возникнуть оригинальная искра, не стоит оставлять свой дневник пустым. Запишите туда интересную цитату, на которую сегодня наткнулись, или наиболее понравившийся отрывок из статьи/книги, которую сегодня читали. Главное не прерывать цепочку и писать ежедневно. В какой-то момент эта эфемерность перейдет в то, что вы считаете качеством. http://suleimenov.com/mybook/armanisms.php »

ШЕГІНІС: Бірден күнделігімді жазбағаныма екі күн болғаны есіме түскен, содан бүгін соңғы екі күннің жазбасын бірден жазып отырғаным ғой.

Жұмыста кешегі тапрсыманы ары қарай жалғастырдым. Түске таман аяқтадым. Стив қал қалай деп келгенде, бітірдім десем, онда тағы да тапсырма болады, түскі астан кейін беремін деп жұмысын жалғастырды.

Сонымен уақыт зымырап өтіп жатыр, бүгін видео көруден, сурет таңдаудан, тест сұрақтарын оқудан шаршаған сияқтымын. Басқа нәрсеге алаңдайын десем, біртүрлі, барлығы беріліп жұмыс істеп отыр. Жұмыс орны үлкен  кеңістік, бәріміз бір жерде отырамыз, үстелдермен, ортасын бөліп тұратын шағын қабырғалар болғанымен, бәріміз бір жердеміз. Бір қызығы үстел теннисі бар, осындағы жігіттер аздап шаршағанда демалу үшін барып ойнап тұрады, бірақ көпке кетпейді, тез ойнап, жұмыстарына қайтады. Қыздардың ойнағанын әлі көрмеппін 🙂

Жұмыс орны ыңғайлы, жағдай жасалған, шай. су ішетін мүмкіндіктері бар, алма, банан т.с.с. тіске басарларды да қойған, бірақ мен әлі барып өзімсініп ешнәрсені алып жеп немесе шай ішіп жүрген жоқпын. Әлі жеке пәтерге шықпадым ғой, сондықтан кесе, қасық сияқты заттар сатып алмадым, кеңсеге де өз заттарымды апарып қою керек еді.

 Глазго, Шотландия

сәрсенбі, 01.10.2014

219
Share

от bilimpaz

2 комментария к «Шотландияға сапарым: 15-күн»
  1. Бари керемет, тек видео роликтерімен койылса одан да жақсы болар еди

  2. Пікіріңізге көп рақмет! Бұйыртса, видео жасай бастаймын. Бұрыннан ойымда бар еді, өткенде көшеде музыка ойнап тұрғанының аудиосын жазып алып салғанмын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *