Шотландияға сапарым: 17-күн

Бүгін жұма, бір күнім бір күніме ұқсап бара жатыр, бірақ бүгінгі күн кешке басқа пәтерге көшетін күнім. басында қонақ үйде, сонан соң Қуаныш пен Заринаның үйінде тұруыма тура келді. Енді жұмыстағы әріптестерімнің көмегімен тапқан пітерге көшемін.

Бұл жақта қызық, адамдар өз пәтерлерінің бөлмелерін жалға береді екен, өйткені бос тұрғаннан гөрі пайда әкелсін деп ойлайтын болуы керек, екінші жағынан пәтерге төлейтін қосымша ақшалары қымбат болғандықтан мәселені осылай шешетін болып тұр.

Сонымен жұмысыма кеттім, күнде бір жаңа көшемен жүремін, әйтеуір саябаққа дейінгі жолды тауып аламын, сосын саябақты кесіп өтсең, алдыңда кеңсең тұрады.

Бұл жақта өзіңнен өзің жаяу жүргің, жүгіргің, велосипед аядағың келеді, өйткені көретінің спорт киімін киіп алып жүгіріп жүрген, велосипед теуіп жүрген адамдар.

Машина да баршылық, бірақ жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жасқы қарайды екен, оларға жол беріп, «өтіп кет» деп қолымен ишара жасап, асықпай күтіп тұрады, тіпті жаяу жүргінші ережені бұзып жатса да, ашуланып айқайлап жатпайды екен. Осы кезде Алматыда жүрген кездегі  өзім есіме түседі, өйткені мен де машина айдағанда барынша сабырлы болуға тырысатынмын, бірақ бағдаршамның жанғанына қарамай ереже бұзатындарға «жыным» келетін. Негізі бәрінің тәртіппен болып, тәртіпті болғанын қалайтынмын 🙂 Алматыда жүргенде қаланың жылдан жылға жаяу жүргіншіге ыңғайсыз болып бара жатқанын сезетінмін, осыны қалай өзгертсе болады деп ойлайтынмын, шын мәнінде жағдайды ушықтыратын емес, шешетін жолдарын іздеу керектігі сөзсіз.

Сөйтсе үйренетін нәрсем көп екен, қала машина үшін емес, машина тек қана құрал, қала адам үшін, қала жаяу жүргінші үшін, сен жаяу жүргіншіні сыйлауың керек. Осында жүрген уақыт ішінде әлі бірде бір рет авария, қағып кету, соғып кету сияқты жағдайларды көрген жоқпын. Ондай жағдай ешқашан болмасын.

Жұмыс таңертеңгі тоғыз жарымда басталып бес жарымда аяқталатынын айтқан болармын, түскі үзіліс бар, бірақ көбі үйден тамақтарын алып келіп, жұмыс орнында жейді де ары қарай жұмыстарын жалғастыра береді. Яғни бұрын мен үйреніп қалғандай бір сағат бойы түскі асқа кетіп қалу деген жоқ.

Мұның бәрі үнемдеу, ысырап жасамауға байланысты қалыптасқан әдеттер деп ойлаймын (жаяу жүру, тамақты өзімен бірге әкелу). Глазгода автобус қымбат (Алматымен салыстырғанда), күнделікті жолыңыз £ 1,95, шамамен есептесеңіз алты жүз теңге, одан кішкене асады. Әрине жол билеті, басқа да үнеудеуге болатын мүмкіншіліктер бар, дегенмен сондай арзан емес. Сондықтан мен де пәтер іздегенде жұмысқа жаяу барып келетін жер іздедім, кем дегенде жаяу жүрсеңіз отыз-қырық минуттың шамасы болу керек деп ойлағанмын. Сол ойым жүзеге асты (пәтердің әртүрлі минустары болса да).

Глазго, Шотландия

жұма, 03.10.2014

 

 

337
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Шотландияға сапарым: 17-күн”
  1. студенттік билетті алсаң, проездной сатып алып, автобуспен өте арзанға жүруіне болады. жаяу жүргіншілер туралы жазғандарың ұнады. толықтай келісемін.

    1. студенттік билетім әлі дайын болмады, бірақ аламын ғой. Ол билет көп мүмкіншілік береді екен, кітапхананы қолдануға болады, спорт залына баруға болады, студенттердің сенбі жексенбі саяхатқа шығаруын ұйымдастыратын қоуымдастығы бар, сол жердің мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Жалпы, студенттің қосымша уақытын өте жақсы ұйымдастыруға мүмкіндіктер жасалған. Үйренетін нәрсе өте көп, Қазақстан университеттерінің де осындай нәрселерді ұйымдастыруына түрткі болуға тырысу керек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *