Шотландияға сапарым: 22-күн

Сәрсенбі, сәтті күн. Қай жағынан қарасаң да, сәтті болуға тиісті күн. Жоспарлар мен белгіленген жұмыстар жүзеге асуы тиіс.

Жұмыс, жұмыс, жұмыс. Бес жарымнан кейін Глазгоның Патрик деген бөлігіне баруым керек, сол жақты өзіме жаңалық сияқты ашайын. Гугл картасына сенсем, жұмыс орнымнан әрі кетсе жарты сағатта, сәл асуы мүмкін, жетесің дейді. Бұл өте жақсы ғой.

патрик

Сонымен жұмыстан шығып, үйреншікті жолмен емес басқа көшелермен жүруді ұйғардым. Таң қалмаңыздар, адасып кеттім, картаға қалай қарасам да таба алмадым, бір кезде шаршағанымды сезіп, «қой, қараңғы түспей, үйіңе қайта қой» дедім. Өз күшіңді де білу керек. Сонымен кері жүріп, таныс жақты көріп қуанып кеттім, Бұл Келвингрове мұражайының сыртқы беті. Негізі олай айтқаным да дұрыс емес болар, өйткені мұражайға қай жағынан кірсең де алды болып есептеледі, екеуі де ашық (жанынан кіретін есіктері де ашық болса таң қалмаймын)

20140925_090416

 

Глазго, Шотландия

сәрсенбі, 08.10.2014

464
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *