Шотландияға сапарым: 21-күн

Бүгін сейсенбі. Жаңа күн жаңа тәжірибе мен ризашылық әкелетініне күмәнім жоқ. Күнделікті жұмыстың еш өзгеріссіз, сол қалпында өтетіні сөзсіз. Бәрінен де қызығы түсте басталатын қысқа әңгімелерді оқу мен талдауға байланысты курсым. Сонымен бірге бұл курста сол қысқа әңгімелер бойынша түсірілген фильмдер туралы да сөз болады.

Сонымен жұмыс туралы айту қызық емес, бірден сабағыма көшейін.

Ауа райы мен күткеннен гөрі жылы, арасында жаңбыр жауып қояды, бірақ жасыл ағаштар, гүлдеп тұрған әсем гүлдер, тап таза саябақ, жақсы ойластырылған және ұқыптылықпен күтіп ұсталған айнала: бәрі жарасымды, бірі жақсы көңіл-күй мен сенімділік, ерекше күш-қуат береді.

Университеттің басқа бір ғимаратында болатын сабағыма ертерек барып, өтетін аудиторияны іздестіріп тауып қойдым. Жайлап басқа адамдар да келе бастады, көбі апайлар, әжелер десе де болады. Бір кезде өткенде танысқан Робин келді, төртінші күні болатын сабақта кездескенбіз, сөйтсе ол да осы курсты таңдапты. Иә, жақсы болды, өйткені Робин жүзі жарқын, ақ көңіл, мейірімді адам екені бірден көрініп тұр. Маған бір көргеннен ұнаған болатын.

Сөйтіп аудиторияға кірсек, мұғаліміміз алдыңғы сабағын аяқтап, студенттерін босатып, бізге арналған қағаздарын тарата бастады. Ооо, дедім, өйткені курс бойы не істейтініміз, әр аптаға не жоспарланғаны туралы нақты жазылған қағаз, бүгін талқыланатын шығарма мен киноның қысқаша мазмұны, кейін шығармадан үзінді таратылды. Жақсы дайындалыпты, маған сабақ ұнап жатыр.

Қаласаңыздар менімен бірге Ридьяр Киплингтің «The Man Who Would Be King» шығармасын оқыңыз, қала берді осы атпен түсірілген фильмді көріп, екеуін салыстырыңыз, фильм мен көркем шығармада қандай айырмашылық бар екенін талқылауға болады.

Мен шығарманы оқымаған және киноны көрмеген соң бүгінгі бірінші сабақтың талқылауына көп қатыса алмадым. Бірақ басқаларды тыңдау, фильмнен үзінді көру бәрі қызық болды.

Келесі жолы шығарманы алдын ала оқып келіп, белсенділік танытайын деп ойлап қойдым.

Бұл жақтың апайлары мен әжелері мықты екен: үміттері зор, өздерін дамыту, пікірталасқа қатысу, жаңа адамдармен танысу дегенге жақсы қарайды екен.

Man-Who-Would-Be-King

 

Кітаптың аудио нұсқасы:

Мынау курстың жоспары:

IMG_0053

 

Глазго, Шотландия

сейсенбі, 07.10.2014

428
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Шотландияға сапарым: 21-күн”
  1. иә, апалары мен аталары мықты! есіңде ме айтып едім ғой бірде олармен тауға барғаным туралы. басыңда бәренен озып жүргенімде қайтейін, 20 минут ішінде ең соңында мені артта қалдырды бәрі (( сол кездегі тобымызда менен кейінге ең жас дегеннің өзі 60 жаста еді!

    1. Бұйыртса мен де сондай топпен тауға шығып көруім керек. бірақ қалып қаламын ау осы 🙂 Бұл жақтың адамдары мықты, денсаулыққа мықты қарайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *