Шотландияға сапарым: 28-күн
Бүгін сейсенбі, сейсенбі жұмыстан басқа қысқа әңгімелер мен сол әңгімелердің негізінде түсірген фильмдерді көруге арналған курсымен ерекше.
Жұмыстан шығып, саябақ арқылы жүріп университет ғимаратына да жеттім. Ертерек келіппін, біздің аудиторияда сабақ болып жатқандықтан басқа бос аудиторияда отыра тұрдым. Мынау мен сабағым болатын жерге баратын дәліз. Екіге бөлініп тұрғанын көрдіңіздер ғой, өткен аптада неге бұлай тарылтып тастаған деп түсінбеген едім, сонымен бірге біз оң жағымен жүргенде, курсқа қатысушы бір екі кісі сол жағымен жүрген болатын. Мән бермегенмін, сөйтсе оның бір сыры бар екен: оң жағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлап жасалынған, негізі осы ғимаратқа кіретін үлкен есіктің үш бөлігі бар, біреуі арбамен жүретіндерге арналған, басқа адамдар оны көп қолданбайды, кейде сол жердің қызметкерлері әртүрлі үлкен зат шығарғанда солесікті пайдаланатынын байқадым.
Бүгін Angela Carter-дің «The Company of Wolves» деген шығармасын талқылап, осы шығарманың негізінде түсірілген фильмнен үзінділер көреміз. Бірінші сабақтан кейін, ұстазымыз электрондық .жоспарланған әңгімелердің электрондық нұсқасын салып жіберген болатын, сондықтан алдын ала оқып келуге мүмкіндік болды.
Сонымен егер менімен бірге оқимын десеңіздер, сіздермен де бөлісейін:
Глазго, Шотландия
сейсенбі, 14.10.2014