Шотландияға сапарым: 40-күн Демалыс

Бүгін жексенбі, ешқайда асығудың қажеті жоқ, дегенмен күндегі уақытымда тұрып, асымды ішіп, интернет қарадым.

Естеріңізде болса, мен курсерадағы бір курсты бастаған едім ғой. Duke университетінің English Composition I: Achieving Expertise деген курсы, мұғаліміміз Denise Comer. Бұл курс 22 қыркүйекте басталған,  22 желтоқсанда аяқталады. Әр апта сайын видео көріп, қосымша материалдарды оқып,  тапсырмаларын орындау керек. Негізгі тапсырмасы эссе жазу, оны тексеру, басқалардың эссесін оқып оған өз ойыңды жазып бағалау, өз эссеңді толықтырып, өңдеу, қайтадан жүйеге салу, оны тағы да оқып басқалардың бағасын кұту, сонымен осылай қайталана береді. Жексенбі болған соң осы эссемді аяқтауға тырыстым, Апта ішінде көп уақытым болмаса да кішкене бірнәрселер жазып қойған болатынмын. Бұл жолы екі тапсырма бар, төрт адамның эссесіне баға беру және бір суретті таңдап алып сол туралы эссе жазу, Эссеге қойылатын талаптары бар. Эссенің тақырыбынан бастап, қандай сұрақтарға жауап беру керектігі жазылып қойылған. Мен енді бәрін қамтыдым деп айта алмаймын, бірақ барынша эссемді жазып шықтым.

Менің таңдаған суретіме сіздер де назар аударыңыздар. Осыған дейін біз Коил деген кісінің кітабынан үзінді оқып, сол бойынша эссе жазған болатынбыз. Ол жерде жетістікке жетудегі адамдардың ерінбей жаттығуы және «терең тәжірибе» деп аударуға болатын болар, deep practice термині және оның маңызы туралы сөз қозғалған болатын. Сол идеяны жалғастырып мен осы суреттегі баланың допты лақтырудағы шеберлігі, мақсатына жетудегі қайсарлығы, әр қимылының көп уақыт жаттығудың нәтижесі екенін көрсете білуінде дер едім. сонымен қоса, әрине, фотографтың да шеберлігі. Кейін осындай фотоларды жинақтап сараптама жасауды жоспарлап отырмын.

12

 

Суреттің дереккөзі:

  1. The picture:  Three-year-old actor Christian Haupt throws out the ceremonial first pitch prior to the Los Angeles Dodgers’ baseball game against the San Diego Padres, Sept. 4, 2012, in Los Angeles. CREDIT: AP Photo/Mark J. Terrill http://www.cbsnews.com/pictures/week-in-sports-aug-31-sept-6/9/

Глазго. Шотландия

жексенбі, 26.10.2014

 

439
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *