10 минут ішінде шығармашылық деңгейін қалай көтеруге болады?

Ұсынылған тоғыз техникадан таңдап «10 минут ішінде шығармашылық деңгейін қалай көтеруге болады?» деген сұраққа жауап алыңыз.

Қазіргі мәдениетте шығармашылық (креативтік) көбінесе табиғи дарын деп саналады. Алайда бұл басқа дағдылар сияқты жаттықтыруға және дамытуға болатын дағды.

Шығармашылық сіздің күнделікті жұмысыңыздың бір бөлігіне айналған сайын, ол күшейе түседі. Бұны қалай істеуге болады? Келесі 9 кеңестің кез келгенін он минут ішінде қолданып шығармашылық деңгейіңізді көтеріп көріңіз.

1. Шимай суреттер салыңыз.

Дәптер бетін шимайлағанымыз үшін мектепте бізге әдетте ұрысатын, бірақ іс жүзінде қағазға сызбаларды салу зейіннің жоқтығын білдірмейді. Керісінше, бұл сіздің миыңыз шоғырланғысы келмейтін іспен айналысуға көмектеседі. Сани Браун, “Шимай революциясы” кітабының авторы, бұл әдісті Генри Фордтан Стив Джобсқа дейінгі көптеген ұлы бизнес-ойшылдар қолданғанын атап өтеді. Шимайлау есте сақтауды күшейтеді, жаңа ойлар мен танымдық серпілістерге әкеледі. Кейбір компаниялар тіпті кездесулер кезінде қағазға сурет салуды ынталандырады.

2. Өзіңіз ешқашан айналыспаған саладағы сабаққа жазылыңыз.

Креативтілік өзіңізді жайлылық аймағыңыздан шығуға және жаңа нәрселерді үйренуге мәжбүрлеген кезде өркендейді. Көптеген қалаларда әртүрлі тақырыптар бойынша ересектерге арналған кешкі курстар бар, соның ішінде жаңадан бастаушыларға да арналғандары бар – кескіндеме, керамика немесе ағаш ұстасы өнерін сынап көріңіз, жаңа тілді, музыкалық аспапты немесе аспаздықты үйренуді бастаңыз.

3. Қажетті дұрыс қоршаған ортаны құрыңыз.

Әр адам – оның ішінде сіз де – креативті бола алады. Оған тек қолайлы орта, ынталандыру және қолдау қажет. Балалардың шығармашылық энергиясы көп, сонымен қатар олар басқа адамдардың сынынан қорқуды немесе жеңілістің ұятын сезінуді әлі үйренбегендіктен олардың креативтігі басым болады. Сондықтан ересектерде сәтсіздікке ұшырауды қабылдау қабілеті жоғары бағаланады — бұл шығармашылық, тәуекел істермен айналысу мүмкіндіктерін көрсетеді. Мұндай жобалардың бәрі сәтті бола бермесе де, кейбіреулері міндетті түрде жеңіске жеткізеді. Сондықтан Google қызметкерлерін волейбол алаңы немесе тегін сыра сияқты ыңғайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге барынша тырысады — бұл ересектерге арналған ойын алаңы сияқты. Олардың мақсаты — қызметкерлер креативті, тіпті “жабайы” идеяларды айтудың күйзелісі мен ыңғайсыздығын сезінбейтін ортаны құру. Шығармашылықты бағалайтын компаниялар әдеттен тыс идеялар құпталатын және шығармашылықты бағалайтын креативті, қауіпсіз орта құруға ұмтылуы керек.

4. Аздап демалып алып, сосын қозғалысты бастаңыз

Ескі үлгідегі компаниялар жаңа ойларды тудыратын күшті құрал ретінде топтық ми шабуылын (брейнсторминг) қолдануды жалғастыруда, бірақ қазіргі заманғы зерттеулер ұжымдық ойлап табу әрқашан жақсы нәтиже бере бермейтінін көрсетеді. Шығармашылықты көтеру үшін басқа тәсілдерді қолданып көріңіз. Серуендеңіз. Мәселе туралы әртүрлі жерлерде ойлану үшін денеңіздің қозғалуына мүмкіндік беріңіз. Қозғалыс негізінен шығармашылық ойлауға позитивті әсер етеді. Мысалы, театр кәсіпқой мамандары кейіпкерге жаңа көзқарас табу үшін кейіпкер сөздерін әртүрлі жерде, түрлі қимыл қозғалыста қайталауға кеңес береді.

5. Эскиз дәптерін қолданыңыз

Эскиз салу — бұл ойлар мен естеліктерді сақтаудың және басқа уақытта телефонда ойнауға кететін уақытты тиімді пайдаланудың тамаша тәсілі. Сөмкеңізге сәйкес келетін шағын және жеңіл альбом сатып алыңыз. Бос уақытыңыз болған кезде эскиз жасаңыз, мысалы, кофе күтіп отырып көзіңізге түскен заттардың суреттерін салыңыз. Сіздің эскиздеріңіз бастапқыда көңіліңізді қалдыруы мүмкін, бірақ уақыт өте келе қолыңыз үйреніп кетеді. Оларға аналитикалық тұрғыдан қараудың қажеті жоқ, нәтиже үшін емес, көңіл көтеру үшін сурет салыңыз. Креативтілік санаңызға әртүрлі әрекеттер арқылы енуі мүмкін, сондықтан оған күніне бірнеше минут жұмсаудың өзі жұмыстағы шығармашылықтың айтарлықтай өсуіне әкеледі.

6. Үстеліңізде ойыншықтар болсын

Көптеген шығармашыл және дизайнерлік компаниялар қызметкерлердің үстелінде ойыншықтар — лего немесе оригами – болғанын қолдайды. Пернетақтада жазу терудің орнына қолыңызбен бір нәрсені жасаған кезде, сізге шығармашылық энергияның серпілісі келуі мүмкін.

7. Өзіңізді қысқа прозада сынап көріңіз

Флеш-фикшн — өте қысқа әңгімелер жазу дегенді білдіреді. Ғаламторда сіз белгіленген шарттармен 100 сөзден тұратын әңгіме жазуға шақыратын көптеген топтар мен конкурстарды таба аласыз. Иә, бар болғаны 100 сөз. Баяғыдан бар онлайн қауымдастықты табыңыз немесе өзіңіздің қауымдастығыңызды жасаңыз. Өзіңізді нәтижесімен біреумен бөлісу керек деп қинамаңыз. Бұл сіздің креативтік инстинктеріңізді жандандырудың мүмкіндігі ғана деп санаңыз.

8. «30 шеңбер тесті»: жаттығыңыз

Зерттеуші Боб МакКим осы керемет жаттығуды ойлап тапқан. Қағаз парағын алып, 30 шеңбер сызыңыз. Енді бір минуттан кейін осы шеңберлердің көпшілігін мүмкіндігінше заттарға айналдыруға тырысыңыз. Біреуі Күнге айналуы мүмкін. Басқасы глобусқа. Сіз бір минутта қанша зат жасай аласыз? (Бұл жерде сапасынан гөрі саны маңызды.) Адамдардың көбі 30-ға да жеткізе алмайды, себебі біз өзімізді «түзетуге» бейімбіз. Балалар өзін-өзі сынамай-ақ мүмкіндіктерді жақсырақ пайдаланады және зерттейді; ересектер үшін бұл мәселеге айналады. Кейде ерекше болуға деген ұмтылыстың өзі адамның өз-өзіне цензура жасауына айналады. Есіңізде болсын, жақсы суретшілер — көшіреді, ал ұлы суретшілер — ұрлайды.

9. Рөлдік ойындарды қолданыңыз

Бұл тек гиктерге (гик – кейде компьютерлік немесе басқа ойындарға құмар адамды осылай атайды) арналған ойын-сауық емес. Рөлдік ойын өзіңізді клиенттің немесе пайдаланушының орнына қойып, мәселелердің жаңа шешімдерін әзірлеуге көмектеседі. Сіз өзіңізді осы жерде елестетуге тырыссаңыз да, әріптестеріңізбен бірге осындай жағдайларды шынай ойнап көру тәжірибесі күтпеген жаңалықтар мен шешімдерге әкелуі мүмкін. Балалық шақта рөлдік ойындар қиялды оятатын еді. Енді ойынның күшін өміріңізге қайтаратын кез келді.

Түпнұсқа — www.inc.com/larry-kim/9-ways-to-become-more-creative-in-the-next-10-minutes.html

181
Share

от bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *